Saeco HD8918/09 Series Incanto [63/88] Қауіпсіздік

Saeco HD8918/09 Series Incanto [63/88] Қауіпсіздік
3
ҚАЗАҚША
3. Қауіпсіздік
Бұл құрылғы қауіпсіздік мүмкіндіктерімен жабдықталған. Дегенмен
«3.1 Қауіпсіздік нұсқаулары» тарауын мұқият оқып шығып, оны ұстаныңыз.
Құрылғыны дұрыс пайдаланбағандықтан күтпеген жерде жарақат алмау
немесе зақым келтірмеу үшін, құрылғыны осы нұсқауларда сипатталған түрде
ғана пайдаланыңыз. Осы пайдаланушы нұсқаулығын кейін қолдану үшін сақтаңыз.
3.1 Қауіпсіздік нұсқаулары
«Ескертулер» бөлімі ауыр жарақат алу қаупі, өмірге және/немесе құрылғыға
зақым келу қаупі туралы ескертеді.
«Сақтандырулар» бөлімі жеңіл жарақат алу және/немесе құрылғыға зақым
келу қаупі туралы ескертеді.
Кез келген әрекетті орындамас немесе техникалық қызмет көрсетпес бұрын
нұсқаулықты мұқият оқып шығу қажет.
Ескертулер
Құрылғы жалғанатын розетканың кернеуі құрылғының техникалық
сипаттамаларына сәйкес келуі керек.
Құрылғыны жерге тұйықталған розеткаға жалғаңыз.
Қуат сымы үстелдің шетінен ілініп тұрмауы немесе ыстық беттерге тимеуі
тиіс.
Құрылғыны, қуат ашасын немесе қуат сымын суға салушы болмаңыз (ток соғу
қаупі бар!).
Қуат сымының қосқышына сұйықтық төгуге болмайды.
Ыстық су ағынын дене мүшелеріне қаратушы болмаңыз: күйіп қалу қаупі!
Ыстық беттерге тимеңіз. Тұтқалар мен тетіктерді пайдаланыңыз.
Қуат ашасын розеткадан ағытпас бұрын, құрылғының артында орналасқан
қуат түймесін басып, құрылғыны өшіріңіз:
- Ақаулық орын алса.
- Құрылғы көп уақыт қолданылмайтын болса.
- Құрылғыны тазаламас бұрын.
Қуат сымынан емес, ашадан ұстап тартыңыз.
Қуат ашасын су қолмен ұстамаңыз.
Құрылғы, қуат сымы немесе құрылғының өзі зақымдалған болса, құрылғыны
қолданбаңыз.
Құрылғыны немесе оның қуат сымын түрлендіруге болмайды.
Қауіптің алдын алу үшін жөндеу жұмыстарын Philips компаниясының өкілетті
қызмет көрсету орталығы атқаруы қажет.
Құрылғыны 8-ге толмаған балаларға қолдануға болмайды.

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения