Philips hd 7762/00 — кофе дайындау: қоюлықты арттыру және ақаулықтарды жою [29/88]

Philips hd 7762/00 [29/88] Ақаулықтарды жою
29
Алдын ала ұнтақталған кофені пайдаланғанда
кофе өте сұйық болады.
Сүзгідегі алдын ала ұнтақталған кофенің
мөлшері су ыдысындағы су мөлшеріне сәйкес
келетінін тексеріңіз. Құрал су ыдысындағы
барлық суды пайдаланатынын ескеріңіз.
Дәмі немесе иісі күштірек ұнтақталған кофені
пайдаланыңыз.
Кофенің қоюлығын арттыру үшін, алдын ала
ұнтақталған кофенің мөлшерін көбейтіңіз
немесе су мөлшерін азайтыңыз.
Кофе дайындалып жатқанда құмыра құралдан
алып тастағанда, сүзгі толып кетеді.
Егер құмыраны демдеу барысында
20 секундтан артық уақытқа алып тастасаңыз,
тамшылауды тоқтату функциясы сүзгі
себетінің тасып кетуіне себеп болады.
Демдеу аяқталғанша, кофенің толық дәмі
шықпайтынын ескеріңіз. Сондықтан, демдеу
аяқталғанша құмыраны шығармаған және
кофені құйып алмаған жөн.
Құрал демдеу біткеннен кейін көп уақыт бойы
тамшылауын жалғастырады.
Тамшылауды будың жиналуы тудырады.
Құралдың біраз уақыт бойы тамшылап тұруы
қалыпты жағдай.
Тамшылау тоқтамаса, тамшы тоқтатқыш
кептелген болуы мүмкін. Тамшы тоқтатқышты
тазалау үшін ұстағышты ашу мақсатында
кофе демдегіштің оң жағындағы сүзгі себеті
ұстағышының құлақшасынан тартыңыз.
Сүзгі себетін сыртқа шығарыңыз. Одан кейін,
сүзгі себеті мен тамшы тоқтатқышты ағын су
астында шайыңыз.
Егер құмыраны демдеу барысында
20 секундтан артыққа алып
тастасаңыз, тамшылап ағуды тоқтату
функциясы сүзгі себетінің тасып кетуіне
себеп болады.
10Ақаулықтарды
жою
Бұл тарауда құралда ең жиі кездесетін
мәселелер жинақталған. Төмендегі ақпараттың
көмегімен мәселені шеше алмасаңыз, жиі
қойылатын сұрақтар тізімін көру үшін
www.philips.com/support торабына
кіріңіз немесе еліңіздегі Тұтынушыларды қолдау
орталығына хабарласыңыз.
Құрал жұмыс істемейді.
Штепсельдік ұшты қабырғадағы розеткаға
қосыңыз, құралды қосу үшін құралдың
алдындағы қосу/өшіру түймесін басыңыз.
Құралда көрсетілген кернеудің жергілікті ток
көзінің кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз.
Су ыдысына су құйыңыз.
Ұсақтағыш түтігінің қақпағын жабыңыз.
Ұнтақтағышты пайдаланған кезде, кофе өте
сұйық болады.
2-10 шыны аяқ түймесімен таңдалған шыны
аяқ саны су ыдысындағы су мөлшеріне
сәйкес келетінін тексеріңіз. Кофе демдегіш
су ыдысындағы барлық суды пайдаланатынын
ескеріңіз.
«Өте қою» кофе қоюлығын таңдау үшін,
қоюлықты таңдау түймесін пайдаланыңыз.
Кофе дәндерін пайдаланғанда, алдын ала
ұнтақталған кофе түймесінің басылмауын
қадағалаңыз, өйткені бұл ұнтақтағышты
өшіреді.
Дәмі немесе иісі күштірек кофе дәндерін
пайдаланыңыз.
Шыныаяқтардың таңдалған саны су
ыдысындағы су көлемімен сәйкес екенін
тексеріңіз.
ҚАЗАҚША

Содержание

Кофе дайындау кезінде қоюлықты арттырудың жолдары мен жиі кездесетін ақаулықтарды жою туралы ақпарат. Кофе дәмі мен иісін жақсарту үшін кеңестер.

Скачать