Redmond rmc-m25 [31/48] Басқа балалардың аспаппен оның жинақтаушыларымен со

Redmond rmc-m25 [31/48] Басқа балалардың аспаппен оның жинақтаушыларымен со
31
KAZ
RMC-M25
Осы бұйымды пайдаланудың алдында оны пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият оқыңыз және анықтамалық
ретінде сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалансаңыз, оның қызмет ету мерзімі көпке ұзарады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Өндіруші қауіпсіздік техникасы талаптарын және бұй-
ымды пайдалану ережелерін ұстанбаудан туындаған
зақымдар үшін жауап бермейді.
Бұл электр аспап тұрмыстық жағдайларда әзірлеуге ар-
налған көпфункционалды құрылғы болып табылады және
пәтерлерде, қала сыртындағы үйлерде, қонақ үй нөмір-
лерінде, дүкендер, офистердің тұрмыстық бөлмелерінде
немесе өнеркәсіптік емес пайдаланудың басқа жағдайла-
рында қолданыла алады. Құрылғыны өнеркәсіптік немесе
кез келген басқа мақсатсыз пайдалану бұйымды дұрыс
пайдалану шарттарын бұзу болып табылады. Бұл жағдайда
өндіруші ықтимал салдарлар үшін жауап бермейді.
Құрылғыны электр желіге қосудың алдында оның кер
-
неуі аспап қоректенуінің номиналды кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріңіз (бұйымның техникалық сипаттама
-
сын немесе зауыттық кестешесін қараңыз).
Аспаптың тұтынылатын қуатына арналған ұзартқышты
пайдаланыңыз. Бұл талапты ұстанбау қысқа тұйықталуға
немесе кабельдің тұтануына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Аспапты тек жерлендірілген розеткаға қосыңыз — бұл тоқ
соғуға қарсы қорғаныстың міндетті талабы. Ұзартқышты
пайдаланылғанда ол да жерлендірілгеніне көз жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспап жұмыс істеп тұрғанда оның
корпусы, табағы мен металдық бөлшектері қызады!
Абай болыңыз! Асханалық қолғапты пайдаланыңыз.
Ыстық буға күйіп қалмау үшін қақпақты ашқанда
құрылғының үстінде еңкеймеңіз.
Аспапты пайдаланған соң, сонымен қатар оны тазалау немесе
жылжыту кезінде розеткадан ажыратыңыз. Электр бауды сы-
мынан ұстамай, ашасынан құрғақ қолмен ұстап шығарыңыз.
Электр қоректену бауын есіктен немесе жылу көздерінің
қасында жүргізбеңіз. Электр бауы бұралмауын және
бүгілмеуін, өткір заттарға, жиһаздың бұрыштары мен
шеттеріне тимеуін байқаңыз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ: электр қоректену кабелін кездейсоқ
зақымдасаңыз, кепілдік шарттарына сәйкес келмейтін
ақауларға, сонымен қатар электр тоғының соғуына
әкеліп соқтыруы мүмкін. Зақымданған электр бауы
сервис-орталықта жылдам ауыстыруды талап етеді.
Аспапты жұмсақ бетке орнатпаңыз, оны жұмыс кезінде
жаппаңыз бұл құрылғының қызуына және бұзылуына
әкеліп соқтыруы мүмкін.
Аспапты ашық ауада пайдалануға тыйым салынады
құрылғы корпусының ішіне ылғал немесе бөтен заттар
тисе, қатты зақымдар болуы мүмкін.
Аспапты тазалаудың алдында ол электр желіден ажыра
-
тылғанына және толық суығанына көз жеткізіңіз. Аспапты
тазалау бойынша нұсқаулықтарды қатаң ұстаныңыз.
Аспап корпусын суға батыруға немесе су ағынына
түсіруге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Бұл аспап физикалық, жүйке немесе психикалық ауытқулары
бар немесе тәжірибесі мен білімі жетіспейтін адамдардың (оның
ішінде балалардың) қолдануына арналмаған, мұндай тұлғалар
қадағаланып, олардың қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлға осы
аспапты қолдануға қатысты нұсқау жасалған жағдайлардан
басқа. Балалардың аспаппен, оның жинақтаушыларымен, со-
нымен қатар зауыттық орамымен ойнауына жол бермеу мақ-
сатында қадағалап отыру қажет. Құрылғыны тазалау және қыз-
мет көрсетуді балалар ересектердің қарауынсыз жасамауы тиіс.
Аспапты өздігіңізбен жөндеуге немесе құрылымына
өзгеріс енгізуге тыйым салынады. Қызмет көрсету және
жөндеу бойынша барлық жұмыстарды авторланды-
рылған сервис-орталық жасауы керек. Біліксіз жасалған
жұмыс аспаптың бұзылуына, жарақат пен мүлік зақымда-
нуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспапты кез келген ақауы бар
болғанда пайдалануға тыйым салынады.

Содержание