Vitek VT-8104 BK [15/20] Қазақша

Vitek VT-8104 BK [15/20] Қазақша
15
ҚазаҚша
Кіргізетін сүзгішті (12), НЕРА-сүзгішті (13)
және контейнер-шаңжинауышты (2) жылы су
ағынымен жуыңыз және оларды жақсылап
құрғатыңыз.
НЕРА-сүзгішті (13) кіргізетін сүзгішке (12)
орнатыңыз.
Кіргізетін сүзгішті (12) оған орнатылған
НЕРА-сүзгішпен (13) бірге контейнер-
шаңжинауышқа (2) орнатыңыз.
Контейнер-шаңжинауышты (2) орнына орнату
үшін, контейнердің (2) төменгі бөлігіндегі
шығыңқыны шаңсорғыш корпусындағы (10)
ойықпен сәйкестендіріңіз және контейнерді (2)
тірелгенге дейін шаңсорғыштың моторлық
блогына (10) салыңыз.
Турбоқылшақты (1) тазалау
Турбоқылшақты (1) қылшақты орнату орнынан
(11) шығарыңыз, турбоқылшақты (1) тазалаңыз
және оны орнына орнатыңыз.
Айналатын қылшақты оның ластануына
байланысты тазалауды жүргізіңіз.
Қылшаққа оралған жіптер мен ұзын шаштарды
алдын-ала қайшымен қиып, оларды жою
оңай, осы кезде сақ болыңыз және қылшақ
қылдарын бүлдіріп алмаңыз.
Шаңсорғыш корпусы (10)
Шаңсорғыш корпусын (10) сәл дымқыл жұмсақ
матамен сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
Шаңсорғыш корпусын (10), желілік бауды
және желілік баудың айыртетігін суға немесе
кез-келген басқа сұйықтықтарға салуға
тыйым салынады. Сұйықтықтың шаңсорғыш
корпусының (10) ішіне тиюіне жол бермеңіз.
Шаңсорғыш пен жабдықтарды тазалау үшін
еріткіштер мен қажайтын тазалағыш заттарды
пайдалануға тыйым салынады.
Шығаратын сүзгішті тазалау
Шығаратын сүзгішті оның ластанудәрежесіне
байланысты жүргізііңіз, бірақ айына 1 реттен
сирек емес.
Шығаратын сүзгіштің торын бекіткішке (4)
басып және одан тартып шешіңіз.
Шығаратын сүзгшіті тордан шығарыңыз
және оны жылы сумен жуыңыз, жақсылап
құрғатыңыз және орнына орнатыңыз.
Шығаратын сүзгіштің торын бекіткіштер (4) іске
қосылғанға дейін орнына орнатыңыз.
САҚТАЛУЫ
Шаңсорғышты ұзақ уақытқа сақтауға қойғанға
дейін, шаңсорғыш корпусын (10), контейнер-
шаңжинауыш (2) құтысын, сүзгіштерді (12, 13)
және турбоқылшақты (1) тазалауды жүргізіңіз.
Желілік бауды сақтайтын орынның ілгектеріне
(9) желілік бауды ораңыз.
Қажет болғанда бекіткіштерге (7) біруақытта
басып, сапты (8) шешуге болады.
Құрылғыны құрғақ салқын, балалардың
және мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
ЖАБДЫҚТАЛУЫ
1.
Шаңсорғыш (орнатылған сүзгіштермен және
контейнер-шаңжинауышпен) – 1 дн.
2.
Сабы – 1 дн.
3.
Еден/кілем төсеніштеріне арналған қылшақ –
1 дн.
4.
Нұсқаулық – 1 дн.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Электрқорегі: 220-240 В ~ 50 Гц
Максималды қуаты: 1500 Вт
Сорғызу қуаты: 300 Вт
Өндіруші аспаптардың сипаттамаларын
алдын-ла хабаралаусыз өзгерту құқығын
сақтайды.
Аспаптың қызмет ету мерзімі – 3 жыл
Гарантиялық мiндеттiлiгi
Гарантиялық жағдайдағы қаралып жатқан
бөлшектер дилерден тек сатып алынған адамға
ғана берiледi. Осы гарантиялық мiндеттiлiгiндегi
шағымдалған жағдайда төлеген чек немесе
квитанциясын көрсетуi қажет.
IM VT-8104.indd 15 16.09.2016 17:22:10