Redmond SkyThermopot RTP-M810S — электр аспаптарын пайдалану бойынша нұсқаулық және қауіпсіздік шаралары [28/52]

Превью страниц Страница 28 / 52
Redmond SkyThermopot RTP-M810S [28/52] Сақтану шаралары
28
Пайдаланар алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты
мұқият оқып шығыңыз да, оны анықтамалық ретінде сақтап
қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалану оның қызметінің мер-
зімін ұзартады.
САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ
Өндіруші қауіпсіздік техникасының талаптарын
және бұйымды пайдалану ережелерін сақтамаудан
туындаған зақымдар үшін жауап бермейді.
Бұл электр аспап пәтерлерде, қала сыртындағы
үйлерде, қонақ үй нөмірлерінде, тұрмыстық
нөмірлерде, дүкендердің тұрмыстық бөлмелерде,
офистер мен өнеркәсіптік емес пайдаланудың кез
келген басқа осындай жағдайларда пайдаланыла
алады. Құрылғыны өнеркәсіптік немесе кез келген
мақсатсыз пайдалану бұйымды тиісті түрде пайдалану
шарттарын бұзу болып саналады. Бұл жағдайда
өндіруші ықтимал салдарлар үшін жауап бермейді.
Құрылғыны электр желісіне қосар алдында оның
кернеуі аспаптың номиналды кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріңіз (бұйымның техникалық
сипаттамалары немесе зауыттық кестесін қараңыз).
Аспаптың тұтынатын қуатына есептелген
ұзартқыш қолданыңыз: параметрлердің
сәйкессіздігі қысқа тұйықталуға немесе кабельдің
жануына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Аспапты тек жерлендірілетін розеткілерге ғана
қосыңыз, бұл электр қауіпсіздігінің міндетті
талабы. Ұзартқышты қолдана отырып, оның
жерлендірілетініне көз жеткізіңіз.
Аспапты қолданған соң, сонымен қатар оны
тазалаған немесе тасымалдаған кезде розеткіден
өшіріңіз. Электр бауын сымынан емес, штепселінен
ұстап тұрып, құрғақ қолмен шығарыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жұмыс кезінде аспап
қызады! Абай болыңыз! Аспап корпусына
жұмыс істеп тұрғанда қол тигізбеңіз. Ыстық
будан күйіп қалмау үшін қақпақты ашқанда
құрылғы үстіне еңкеймеңіз.
Қайнау үрдісі кезінде қақпақты ешқашан ашушы
болмаңыз.
Аспапты тек мақсатына қарай қолданыңыз.

Содержание

393

Электр аспаптарын дұрыс пайдалану үшін нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Қауіпсіздік шараларын сақтау аспаптың қызмет мерзімін ұзартады.