Philips BRI959/00 Lumea Prestige — терінің күңгірт реңкін емдеу: қауіпсіздік шаралары мен кеңестер [65/86]

Превью страниц Страница 65 / 86
Philips BRI959/00 Lumea Prestige [65/86] Зақымдалудан сақтау
- Егер теріңіз күңгірт болса, ашық аймақтан кейін күңгірт аймақты емдеу
кезінде абай болыңыз. Тері реңкі датчигі күңгірт дене аймағындағы емдеуді
дереу құлыптамауы мүмкін.
- Лазерлермен немесе қарқынды импульстік жарық көздерімен жойылған
түк кейбір пайдаланушыларда түктің жылдам өсуіне себеп болады. Ағымда
қолжетімді деректер негізінде осы жауаптың ең жоғарғы қауіпті топтарына
беті мен мойнын емдеткен Жерорта теңізі, Қиыр Шығыс және Оңтүстік
Азия әйелдері жатады.
- Адаптер, жарық шығатын терезе және саптамалар сүзгісі қолданыстан кейін
өте ыстық болуы мүмкін. Адаптерді, жарық шығаратын терезенің ішкі бөлігін
және сүзгіні немесе саптамалардың ішкі бөлігін суымай тұрып түртпеңіз.
- Бұл құрылғыда алынбалы қуат көзі құрылғысы бар. Тек осы Philips REF
құрылғысымен (таңбаны көріңіз) берілген алынбалы қуат көзін пайдаланыңыз:
AD2069020020HF.
Ескерту: Егер соңғы емдеуден кейін тері реңкінің өзгерісін байқасаңыз
(мысалы, қараю), тері сынағын орындап, келесі ем алдында 30 минут күту
ұсынылады.
Зақымдалудан сақтау
- Құрылғының бүйір жағы мен артындағы желдеткіш тесіктерінен ауаның
өтуіне ештеңенің кедергі болып тұрмағанын тексеріңіз.
- Құрылғыны ешқашан соғып алмаңыз және оны шайқамаңыз немесе түсіріп
алмаңыз.
- Құрылғыны өте салқын жерден өте ыстық жерге немесе керісінше алып
кіргенде, қолданбастан бұрын шамамен 3 сағат күтіңіз.
- Құрылғыны шаң жоқ, құрғақ жерде сақтаңыз.
- Құрылғыны 5°C температурадан төмен немесе 35°C температурадан
жоғары жерлерде ұстауға болмайды.
65
Қазақша

Содержание

190

Күңгірт теріні емдеу кезінде абай болу маңызды. Лазерлік және жарық терапиясының қауіптері мен қолдану ережелері туралы біліңіз. Тері реңкіне байланысты кеңестер.