Philips BRI959/00 Lumea Prestige — екі өңдеу режимі: Штамп және жарқыл, Сырғыту және жарқыл [77/86]

Превью страниц Страница 77 / 86
Philips BRI956/00 Lumea Prestige [77/86] Сирек кездесетін жанама әсерлер
Екі өңдеу режимі: Штамп және жарқыл және Сырғыту және жарқыл
- Philips Lumea құрылғысында әр түрлі дене аймақтарында пайдалануға болатын екі
өңдеу режимі бар:
- Штамп және жарқыл режимі тізе немесе қолтық сияқты кішкентай немесе қисық
аймақтарды өңдеуге арналған. Бір жарқыл шығару үшін жарқыл түймесін басып
босатыңыз.
- Жылжыту және жарқыл режимі аяқ сияқты үлкен аймақтарда ыңғайлы қолдануға
арналған. Бірнеше жарқылды қатарынан шығару үшін теріге құрылғыны жылжыту
кезінде жарқыл түймесін басып ұстаңыз.
Ескерту: Екі жарқыл арасында құрылғыға 2 секунд керек (сыммен пайдаланған кезде
немесе сымсыз пайдаланған кезде 3,5 секунд), сол себепті емдеу керек әрбір
аймаққа жарқыл қолданыңыз. Тері бетімен тым жылдам сырғыту өткен нүктелерге
себеп болады.
Пайдаланудан кейін
Жалпы тері реакциялары
Теріңіз аздап қызаруы және/немесе шымшылағандай болуы, дірілді немесе жылуды
сезінуі мүмкін. Бұл реакция мүлдем зиянсыз және жылдам кетіп қалады.
Құрғақ тері және қышыма қырыну және жарықпен түкті алу амалынан пайда болуы
мүмкін. Аумақты мұзбен немесе дымқыл орамалмен салқындатуға болады. Егер
құрғақтық кетпесе, түк алынған аумақта хош иіссіз ылғалдандырғыш кремді қолдануға
болады.
Сирек кездесетін жанама әсерлер
- Күйіктер, артық қызару (түк фолликулалары айналасында) және жұтыну:
бұл реакциялар өте сирек болады. Олар теріңіздің түсіне аса жоғары
болатын жарық қарқынын пайдалану нәтижесі болып табылады. Егер бұл
реакциялар 3 күннің ішінде кетпесе, дәрігерге қаралуға кеңес береміз. Тері
толығымен қалпына келгенше күтіп, төменірек жарық қарқынын пайдаланып
отырғаныңызға көз жеткізіңіз.
77
Қазақша

Содержание

190

Philips Lumea құрылғысының екі өңдеу режимі: Штамп және жарқыл, Сырғыту және жарқыл. Тері реакциялары мен күтім туралы ақпарат.