Scarlett SC-MC410P02 [15/32] Www scarlett ru 15 sc mc410p02

Scarlett SC-MC410P02 [15/32] Www scarlett ru 15 sc mc410p02
IM016
www.scarlett.ru 15 SC-MC410P02
7
Жарма / Кептірілген жеміс-жидек
40
1
20 -60
созылады)
8
Қызылша / Картоп
10
1
8 - 16
9
Жеміс-жидек
5
1
3 - 10
10
Бастауды кейінге қалдыру
30 минуттық қадам (30 минуттан 24 сағатқа дейін орнатылады)
11
Жылыту / Болдырмау
_
_
_
ЖҰМЫСЫ
МӘЗІР
Тамақ дайындау бағдарламасын таңдау үшін басқару панеліндегі тиісті түймені басыңыз, сол кезде таңдалған бағдарламаның
жарықтама индикаторы жанады.
Керекті бағдарламаны таңдағаннан кейін дисплейде таңдалған бағдарламаның алдын ала орнатылған уақыты бейнеленеді.
Қақпақты жабу және құлыптау кейін Multivarki қалаған деңгейге қысыммен және температураның өсуі басталады. Тек осы
бағдарламаның параметрлерін жеткеннен кейін, кері санақ басталады.
ТАЙМЕР
«+» «-» түймелерінің көмегімен бағдарламаның жұмысын рецептке сәйкес өзгертуіңізге болады, бұл орайда алдын ала
орнатылған уақыт дисплейде көрсетіледі.
Бұл үшін тиісті түймені басу арқылы керекті бағдарламаны таңдаңыз.
«+» «-» түймелерін басу арқылы керек тамақ дайындау уақытын орнатыңыз, уақыттың өзгеру кезеңдері кестеде келтірілген.
БАСТАУДЫ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ
Бұл функция тағам дайындауды бастау уақытын кейінге қалдыруға мүмкіндік береді.
Тиісті түймені басу арқылы керекті тамақ дайындау бағдарламасын таңдаңыз.
«ОТСРОЧКА СТАРТА» (бастауды кейінге қалдыру) түймешігін басыңыз да, «+» «-» түймелерінің көмегімен керекті кейінге
қалдыру уақытын орнатыңыз. Ең үлкен кейінге қалдыру уақыты 24 сағатты құрайды. Бұл орайда кейінге қалдыру уақыты
дисплейде бейнеленеді.
ЖЫЛЫТУ / БОЛДЫРМАУ
Қажет болған жағдайда, «ПОДОГРЕВ/ ОТМЕНА» (жылыту/ болдырмау) түймешігін басу арқылы сіз тамақ дайындауды тоқтата
аласыз.
Жылыту функциясы автоматты түрде жұмыс істейді де, дайындау аяқталғаннан кейін ғана іске қосылады.
Ең үлкен жылыту уақыты 12 сағатты құрайды.
Бұл функцияны тағамды жылыту үшін пайдалануға болады. Бұл үшін жылытылатын тағамды шараға салыңыз да, «ПОДОГРЕВ/
ОТМЕНА» (жылыту/ болдырмау) түймесін басыңыз.
ЖҰМЫСЫН АЯҚТАУ
Жұмыс аяқталғаннан кейін, әмбебап пісіргіштің ішіндегі қысым ең үлкен мәнге жеткенде, қақпақтың ішіндегі арнайы қалтқы
жоғары көтеріледі де, оны бұғаттап тастайды (бұл кезде қалтқы көрінбейді).
Тағам дайындау аяқталғаннан кейін қысым реттегішті « » қалпына ысырыңыз. Аспаптан бу шыға бастайды. 5-7 минуттан кейін
қалтқы өзінен өзі төмен түседі де, қақпақты ашуға болады.
Содан кейін қысым реттегіш тетікті «0» қалпына жылжытыңыз. Осыдан кейін қақпақты ашуға болады.
ЕСКЕРТУ! Бу шығып жатқанда сақ болыңыз. Күйіп қалмас үшін қолыңыз бен бетіңізді шығып жатқан буға төсемеңіз.
ЕСКЕРТУ! Бұл орайда аса абай болу керек және реттегіш тетікті тек ас үйде киетін қолғапты киіп қана бұру керек, себебі бу тек
қысым реттегіш клапан арқылы ғана емес, сондай-ақ қысым реттегіш тетік арқылы да шығатын болады.
ӘМБЕБАП ПІСІРГІШТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Көп функциялы бағдарламалар.
Барлық үдеріс автоматты түрде басқарылады.
Тамақ пісіруді бастау уақытын кейінге қалдыру.
60% қуат пен 70% уақыт үнемделетін, жоғары жылу шығаратын пайдалы әрекет коэффициенті.
Тағамның нәрлі заттектері мен дәмін сақтауға, сондай-ақ тағамды жұмсақ етуге арналған түгелдей бітеу құрылма.
Әмбебап пісіргіштің жабыспайтын қосарлы қабаты бар тез тазаланатын шарасы және тот баспайтын болаттан жасалған ұзақ
мерзімге төзімді корпусы аспаптың қолданылу мерзімін ұзартады.
СЕНІМДІ ҚОРҒАҒЫШ ҚҰРЫЛҒЫЛАР:
Қақпақтың қорғағыш құрылғысы: қақпақ пен корпус бір-біріне дәл келмейінше және бекітілмейінше, ішіндегі қысым көтерілмейді.
Құрылғының бекітетін термостаты: осы функциялық элемент асқын қызып кетуіне жол бермейді. Егер шарада ештеңе болмаса
немесе температура орнатылған деңгейден жоғары көтерілсе, қыздыру тоқтайды. (Мысалы, егер сіз шараға су құюды немесе
тағам салуды ұмытып кетсеңіз, қыздыру тоқтайды)
Бағдарламаның температуралық режимінен асып кетуінен қорғау: температура ең үлкен берілген деңгейге дейін көтерілген
кезде, электр қуатын беру автоматты түрде өшіріледі.
Қысымды бақылау құрылғысы: тамақ дайындау кезінде жұмыс қысымы ең үлкен мәнге (шамамен 75 кПа) жеткенде, құрылғы
қауіпсіз қысыммен жұмыс істеуі үшін, қысым релесі қыздырғыш плитадан электр қуатын ажыратып тастайды. Қысымды бақылау
құрылғысы берілген температуралық режимнен асып кеткен кезде, құрылғыны өшіреді.
Клапан құрылғыдағы қысымды шектегіш: құрылғының ішіндегі температура мен қысым ең үлкен ықтимал қысым мәнінен (90
кПа) асып кеткен кезде, қысым кіріктірілген қысым реттегіш клапанның арқасында автоматты түрде төмендейді.
Қауіпсіз қақпақ: қысым шектегіш клапаны ақаулы болған жағдайда, жылдам пісіргіштегі қысым ең үлкен мәнге (90 кПа) дейін
көтерілуі мүмкін, мұндай жағдайда бу қақпақтың жиегі мен әмбебап пісіргіштің қабырғасының арасындағы жіктер арқылы
біртіндеп шығуы мүмкін.
Қысым шектегіш клапанды қорғау: қысым шектегіш клапанның астындағы арнайы ысырма будың шығуына және қысымның
төмендеуіне бөгет болуы мүмкін тағам қалдықтарымен клапанның ластануының алдын алады.

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения