Scarlett IS-VC82C07 Руководство по эксплуатации онлайн [10/17] 206274

Scarlett IS-VC82C07 Руководство по эксплуатации онлайн [10/17] 206274
IM015
www.scarlett.ru IS-VC82C07
10
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі
мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша
ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Өндірілген күні өнімде және/немесе қорапта, сондай-
ақ қосымша құжаттарда көрсетілген.
СІЗДІҢ ШАҢСОРҒЫШЫҢЫЗДЫҢ
АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Сіздің шаңсорғышыңыз 7-сатылы ауа сүзу жүйесімен
жарақталған.
«Мультициклон» технологиясы үздіксіз жоғары сору
қуаттылығын қамтамасыз етеді.
Шаң жинауға арналған алмалы пластмасса сауытты
тазалау әлдеқайда оңай. Құйынды тазалау жүйесінің
арқасында шаң бөлімшеде қалып қояды.
Жарғақтық тығыздағыш шаңнан қосымша қорғаныс
түзейді, ол жиналған шаңның қайтадан ауаға
кетпеуін болдырмайды.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАЛУ
Бұйымды бумадан босатыңыз және тұлғадан
этикетканы алып тастаңыз.
Шаң сорғышқа шлангі қосу үшін, оның сорып алушы
тесігін негізіне салыңыз да шертілге дейін басыңыз.
Телескопиялық трубканы керек ұзындыққа созып
шығарыңыз.
Шлангі тұтқасының патрубогын трубкаға салыңыз.
Саптамалардың бірін трубкасына кигізіңіз:
“Еден / кілем” құрамдастырылған қондырмасы: кілем
жабындар мен соған ұқсас жабындарды, сонымен
қатар тегіс беттерді тазалауға арналған.
"Жиһаз/саңылау" құрамдастырылған қондырмасы: –
жұмсақ жиһаз, перде, сәнді заттардың беткі қабатын
және жету қиын жерлерді (бұрыштар, саңылаулар)
тазалауға арналған. Жиһазды, сәнді заттардың
үстіңгі бетін тазалау үшін қондырманы жебешемен
көрсетілген бағытта бұрыңыз.
Жұмысты бастаудың алдында қоректену бауын
қажетті ұзындыққа керіп қойыңыз және шаңышқыны
электр жүйесінің розеткасына сұғыңыз. Баудағы сары
таңба оның үйлесімді ұзындығыныа, ал қызыл
барынша көп талапқа сай екенін көрсетеді, одан ары
бауды керуге болмайды.
ЖҰМЫС
Шаң сорғышты қосу үшін Қосу / Өшіру ноқатын
басыңыз, сөну үшін – оны тағы бір рет басыңыз.
Шлангінің тұтқасында сору күшін өзгертуге мүмкіндік
беретін ауа ағынының реттеуіші бар:перделерді,
кітаптарды, жиһазды және т.б. тазалағанда оны ашу
ұсынылады;кілемдік жабулар үшін жабылады.
Корпуста қуатты реттеіш орналасқан, оның көмегімен
сору күшін өзгертуге болады, ал қуатты арттыру үшін
батырманы сағат тілі бойынша бұраңыз.
Электр бауды орауға арналған тиісті ноқатты
басыңыз, сонымен қатар, баудың бұралып кетуі не
зақымдануына жол бермеу үшін оны қолмен ұстап
тұру ұсынылады.
Шаң сорғыштың қозғалтқышы қызып кетпеуі үшін 30
минуттан көп толассыз жұмыс істемеңіз және 15
минуттан кем емес міндетті үзіліс жасаңыз.
ШАҢ ЖИНАУҒА АРНАЛҒАН САУЫТТЫ ТАЗАЛАУ
Шаңсорғышты сөндіріп, электр желісінен
ажыратыңыз.
Шаң жинайтын контейнерді шаңсорғыштан
шығарыңыз, ол үшін контейнерді бекіту батырмасына
басыңыз.
Әрбір тазалау жұмысынан кейін контейнерді шаңнан
тазартып тұруға кеңес береміз. Контейнерді екі
жолмен тазартуға болады:
Контейнердің түбін ашып, одан қоқысты қағып
тастаңыз. Ол үшін шаң жинайтын контейнердің түбін
ашуға арналған батырманы басыңыз.
Контейнердің қақпағын контейнерден ажыратыңыз.
Ол үшін оны сағыт тіліне қарсы бұраңыз. Одан кейін
контейнерді босатыңыз.
Шаң жинауға арналған сауытты алыңыз. Бұл үшін
шаңжинағыш сауыттың бекіткіш батырмасын
басыңыз.
Сауыттан қоқысты сілкіп түсіріңіз. Бұл үшін
шаңжинағыш сауытты ашатын батырманы басыңыз.
СҮЗГІЛЕРДІ ТАЗАЛУ
Сүзгілерді жылына бір реттен сирек емес тазалау
қажет. Шаң сорғышты жиі қолдансаңыз, шаң
жинағыштарды әрбір 3-5 тазалағаннан кейін
сүзгілерді жуып тазартыңыз.
Электр жүйесініен шаң сорғышты сөндіріп тастаңыз.
Шаң жинағыштың бөлігінің қақпағын ашыңыз.
Жарғақтық тығыздауыш пен кеуекті кіру сүзгішін
шығарыңыз.
Жылы ағыс сумен сүзгіні жуыңыз және оны толық
кептіріңіз.Орнына сүзгіні орнатыңыз.
Артқы торды ағытып алыңыз да, ауа кіретін сүзгіні
алып шығыңыз.Сүзгіні ағып тұрған сумен жуыңыз да,
жақсылап құрғатыңыз.Тазалап болғаннан кейін
орнына салыңыз.
«Мультициклон» жүйесін контейнердің қақпағынан
ажыратыңыз, ол үшін оны қақпағынан ұстап, сағыт
тілі бойынша бұраңыз.
«Мультициклон» жүйесін су ағының астында жуып,
кептіріңіз және сағат тілі бойынша қақпаққа бұрау
арқылы орнына орнатыңыз.
Шаңсорғыштың дөңгелегінде орналасқан шығыңқы
сүзгішке арналған саңылауды ашып, сүзгішті
шығарыңыз.
Сүзгішті су ағынының астында жуып, мұқият
кептіріңіз.
Тазартып болғаннан оны орнына қойыңыз.
НАЗАР: Сүзгілерді орннатпай шаң сорғышты
қоспаңыз, бұл электр қозғалтқышы қатардан
шығаруы мүмкін.
Сүзгілерді мәшіңкеде жумаңыз және олады фенмен
кептірмеңіз.
САҚТАУ
Шаң сорғышты тік орнатыңыз.
Өнімдегі, қораптағы және/немесе қосымша
құжаттағы осындай белгі қолданылған электрлік
және электрондық бұйымдар мен батарейкалар
кәдімгі тұрмыстық қалдықтармен бірге шығарылмауы
керек дегенді білдіреді. Оларды арнайы қабылдау
бөлімшелеріне өткізу қажет.
Қалдықтарды жинау жүйелері туралы қосымша
мәліметтер алу үшін жергілікті басқару органдарына
хабарласыңыз.
Қалдықтарды дұрыс кәдеге жарату бағалы
ресурстарды сақтауға және қалдықтарды дұрыс
шығармау салдарынан адамның денсаулығына және
қоршаған ортаға келетін теріс әсерлердің алдын
алуға көмектеседі.

Похожие устройства

Скачать