LG 0 GA-B499TGRF [30/52] Орнату мен монтаж

LG 0 GA-B499TGRF [30/52] Орнату мен монтаж
04
KK
ЕСКЕРТУ
Орнату мен монтаж
Розетканың жерге дұрыс тұйықталғанын жəне қуат сымындағы жерге тұйықтау
ашасының бар екенін жəне зақымдалмағанын тексеріңіз.
Қосымша мəліметтерді LG Electronics тұтынушыларды қолдау орталығынан
сұраңыз.
Бұл құрылғы жабдықты жерге тұйықтау өткізгішіне ие қуат сымымен жəне жерге
тұйықтау ашасымен жабдықталған. Қуат ашасы барлық жергілікті кодтар мен
реттеулерге сəйкес жəне жерге тұйықталған тиісті розеткаға жалғануы керек.
Қуат сымы зақымдалған немесе розетканың тесігі босап қалған болса, қуат сымын
пайдаланбаңыз жəне өкілетті қызмет көрсету орталығымен байланысыңыз.
Желілік кабельді ауыстыруға немесе ұзындығын өзгертуге болмайды. Ол желілік
кабельді зақымдап, қысқа тұйықталуға себеп болып, өрттің шығуына əкеліп соғуы
мүмкін. Кабель зақымдалған жағдайда, қауіптің алдын алу мақсатында, оны
ауыстыру жұмысын өндіруші, қызмет көрсету орталығы немесе соған ұқсас білікті
маман орындауы қажет.
Ұзартқыштарды немесе қос адаптерді қолданбаңыз. Құралды бөлек қойылған
арнайы қуат сымына жалғау керек. Құрылғыны көп орынды розеткаларға немесе
ұзартқыш қуат кабеліне қоспаңыз.
Құрылғы тоқтан оңай ажыратуға болатын орынға орнатыңыз.
Құрылғыны берік жəне тегіс еденге орнатыңыз.
Құрылғыны пайдаланған кезде жарылу, өрт, өлім, тоқ соғу, жарақат алу
немесе күйік шалу қаупін алдын алу үшін мыналарды қоса негізгі
қауіпсіздік шараларын қолданыңыз:
Құрылғыны тікелей күн сəулесіне немесе оны пештер мен жылыту құрылғылары
сияқты жылу көздеріне жақындатпаңыз.
Орнатқан кезде құрылғының артқы жағына тиіп кетпеуді қамтамасыз етіңіз.
Құрастыру немесе бөлшектеу кезінде құрылғы есігінің құлап кетпеуін қамтамасыз
етіңіз.
Қуат сымын жоғары қаратып тартпай, құрылғыны қуат ашасына қарай еңкейтіңіз.
Құрылғыны ылғал жəне шаң жерге орнатпаңыз.
Құрылғы есігін құрастыру немесе бөлшектеу кезінде қуат сымын қыспаңыз,
баспаңыз немесе зақымдамаңыз.

Содержание

Скачать