LG 0 GA-B499TGRF [35/52] Орнату

LG 0 GA-B499TGRF [35/52] Орнату
09
ОРНАТУ
Жылжытуға жəне тасымалдауға
арналған ескерпе
KK
Тоңазытқыштан барлық азық-түлік пен басқа
заттарды шығарыңыз. Ішкі алынатын
бөліктерді скочтың көмегімен берік бекітіңіз
(сөрелер, жəшіктер, есік қалталары).
Тоңазытқышты тасымалдау үшін, оны алдын
астынан жəне артында үстінен орналасқан
тұтқалардан ұстаңыз. Олай болмаған
жағдайда, қолдан шығып кетуі, жəне оның
жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
Желі кабелін ажыратып, оны құралдың артқы
қабырғасындағы ілгекке іліңіз.
Алыс қашықтыққа тасымалдау барысында
оны тұрғызып қойыңыз. Құралдың құлап
кетуі, жəне негізгі функцияларының
бұзылуы ықтимал. Құралды ешқашан жатқан
қалыпта тасымалдамаңыз, бұл сіз оны қайта
қосқанда хладагенттің айналысын бұзуы
мүмкін.
Құрылғыны пайдалану ауқымы
Құрылғы мұздату жəне мұздатылған немесе
салқындатылған өнімдер сақтау үшін арналған.
Климаттық класс
Құрылғы климаттық белдеуге байланысты қоршаған
ортаның температураларының шектеулі диапазонында
жұмыс істеуге арналған. Аспапты белгіленген шектерден
асатын температура жағдайында пайдалануға тыйым
салынады. Сіздің аспабыңыздың климаттық сыныбы
мұздатқыш бөлімнің ішінде орналастырылған
техникалық сипаттамасы бар затбелгіде көрсетілген.
Биіктігі бойынша реттелетін
аяқ тіреуіштер
Тоңазытқыштың дірілдемеуі үшін, оның
бір деңгейде тұрғандығын тексеріңіз.
Қажет болған жағдайда, еденнің тегіс
емес жерлерін толтыру үшін аяқтарын
реттеңіз. Есіктің дұрыс жабылуы үшін
тоңазытқыш сəл артқа шалқайып тұруы
қажет. Реттелмелі аяқтарды бұрау үшін,
тоңазытқышты аздап шалқайтыңыз.
Тоңазытқыштың алдыңғы бөлігін көтеру
үшін реттелмелі аяқтарды сағат тіліне
қарсы( ), ал төмен түсіру үшін сағат
тілі бойынша( ) бұраңыз.
Орнату үшін ескертулер
1-суретте көрсетілгендей, шектеу тіректерін
тоңазытқыштың артқы қабырғасының
жоғарғы бұрышына орнатыңыз. Бөлшектері
тоңазытқыш жинағымен бірге жеткізіледі.
ЕСКЕРIМ
Шектеу тіректері тоңазытқыш жұмысының асқан
тиімділігі үшін орнатылуы қажет.
Сурет 1. Шектеу тіректерін орнату
Тоңазытқышты жылу көздерінің жанына, тікелей
күн сəулесі түсетін жерге немесе ылғалдығы
жоғары жерге қоймаңыз.
Нұсқаулықта көрсетілген электр тогының
кернеуі үйіңіздің желілік параметрлеріне
сəйкес келетініне көз жеткізіңіз. Желілік кабель
ашасын розеткаға тығыңыз. Ол розеткаға басқа
құрылғыларды қоспаңыз.
Тоңазытқышты алғаш орнатқан кезде, оның
ішінде жұмыс температурасының орнауы үшін
2-3 сағат қосылып тұрсын, содан кейін ғана
ішіне азық-түлік салыңыз. Тоңазытқышты
желіден өшірген соң, кемінде бес минуттан
кейін қосқан дұрыс. Енді тоңазытқышты
пайдалана берсеңіз болады.
Тоңазытқыштың бүйір жағын қабырғаға қартын
орнату кезінде есіктің 90 градустан артық
ашылу қажеттігін ескеріңіз, себебі сөрелер
мен жəшіктерді шығару мүмкін болуы қажет.
Тоңазытқыш кіріктіріліп орнатылмайды. Артқы
жəне бүйір қабырғаның жоғарғы жағында ауа
айналымы мен электр қуатын үнемдеу
мақсатында кем дегенде 5 см бос кеңістік
қалуы қажет.
Тоңазытқыш үнемі жұмыс істеп тұратын
құрылғы жəне сəйкесінше дыбыс шығарады,
cондықтан да оны демалыс жəне ұйқы
орындарында орнату ұсынылмайды.
Тоңазытқыштың артқы жағындағы дөңгелек
жапсырмаларды алмаңыз. Олар
технологиялық тесіктерді жабу арқылы
тоңазытқыш сəнін келтіріп тұрады.
SN
N
T
ST
Сынып
Қоршаған орта
температураларының
ауқымы, °C
Шартты
белгісі
Орташа
ұлғайтылған
ауқым
Орташа
Субтропик
Тропик
+16 дан +38 -ге дейiн
+10 нан +32 -ге дейін
+16 дан +43 -ке дейiн
+16 дан +32 -ге дейiн

Содержание

Скачать