LG Ray X190 Titan [171/319] Өнімге күтім және техникалық қызмет көрсету

8
Өнімге күтім және техникалық қызмет көрсету
Әрдайым осы телефон үлгісі үшін түпнұсқалы LG
батареяларын, зарядтағышын және қосымша құралдарын
пайдаланыңыз. Басқа түрлерін пайдалану телефон
мақұлдауын немесе кепілдігін жарамсыз етуі және қауіпті
болуы мүмкін.
Кейбір мазмұндар мен суреттер құрылғыдан алдын ала
ескертусіз басқаша болуы мүмкін.
Бұл құрылғыны бөлшектеуге болмайды. Жөндеу жұмысы
қажет болғанда, құрылғыны білікті техникалық маманға
апарыңыз.
Кепілдікке жататын жөндеулерге LG компаниясының
ұйғаруымен бөлшектерді немесе панельдерді жаңасымен
не жөнделгенімен ауыстыру жұмыстары кіруі мүмкін.
Бөлшектердің функциясы ауыстырылатын бөлшекпен
бірдей болу керек.
Теледидар, радио және компьютер сияқты электр
жабдықтарынан алшақ жерде ұстаңыз.
Құрылғыны жылу батареясы немесе пеш сияқты жылу
көздерінен аулақ жерде сақтау керек.
Түсіріп алмаңыз.
Бұл құралды шайқамаңыз және соғып алмаңыз.
Ерекше ережелермен талап етілген жерлерде
телефонды сөндіріңіз. Мысалы, телефонды емханаларда
пайдаланбаңыз, өйткені ол медициналық жабдықтарға
әсер етуі мүмкін.
Зарядталып жатқанда, телефонды ылғалды қолмен ұстауға
болмайды. Бұл ток соғуына себеп болып, телефонды қатты
зақымдауы мүмкін.
Телефонды тез өртенетін заттар жанында зарядтамаңыз,
өйткені гарнитура қызып, өрт шығу қаупін төндіруі мүмкін.
Құрылғының сыртын құрғақ шүберекпен сүртіңіз (бензол,
еріткіш немесе спирт қолданбаңыз).

Содержание

Скачать