LG Ray X190 Titan [222/319] Bluetooth

LG Ray X190 Titan [222/319] Bluetooth
Параметрлер
59
Bluetooth
Bluetooth — құлақаспаптар, қолсыз көлік жинақтары, Bluetooth
қосулы құлақаспаптар, компьютерлер, принтерлер және
сымсыз құрылғылар сияқты Bluetooth құрылғыларына сымсыз
түрде қосылуға мүмкіндік беретін қысқа ауқымды байланыстар
технологиясы.
ЕСКЕРТПЕ
•
Bluetooth байланыс мүмкіндігі арқылы жіберілген немесе
қабылданған деректердің жоғалуына, оларды бөтен адамдардың
алуына немесе дұрыс қолданбауына LG компаниясы жауап
бермейді.
•
Үнемі деректерді сенімді және жақсы қорғалған құрылғылармен
бөліскеніңізге және қабылдағаныңызға көз жеткізіңіз.
•
Құрылғылар арасында кедергілер болса, байланыс арақашықтығы
қысқартылады.
•
Кейбір құрылғылар, әсіресе, Bluetooth SIG арқылы
сыналмағандары немесе мақұлданбағандары құрылғыңызбен
үйлесімді болмауы мүмкін.
Телефонды басқа Bluetooth құрылғысымен
жұптастыру
1 Параметрлер экранында Bluetooth белгішесін түртіңіз.
2 Bluetooth функциясын қосу және қол жетімді Bluetooth
құрылғыларын іздеуді бастау үшін опциясын түртіңіз.
Бұған қоса ауқымдағы көрінетін құрылғыларды анықтау
қажет болса, опциясын түртіңіз.
3 Тізімнен жұпталатын құрылғыны таңдаңыз. Жұптастыру сәтті
болған кезде телефон басқа құрылғыға қосылады.

Содержание

Скачать