Redmond SkyKitchen RMK-CB391S [33/56] Қорғаныстың міндетті талабы ұзартқышты пайдаланылғанда ол да жер

Redmond SkyKitchen RMK-CB391S [33/56] Қорғаныстың міндетті талабы ұзартқышты пайдаланылғанда ол да жер
SkyKitchen RMK-CB391S
33
KAZ
Осы бұйымды пайдаланудың алдында оны пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият
оқыңыз және анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалансаңыз,
оның қызмет ету мерзімі көпке ұзарады.
Бұл нұсқаулықтағы қауіпсіздік шаралары мен нұсқаулар құралды қолдану кезінде
туындауы мүмкін барлық жағдайларды қамтымайды. Бұл құрылғымен жұмыс кезінде
қолданушы ақылға сүйеніп, абай әрі мұқият болуы тиіс.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Қауіпсіздік техникасы талаптары мен бұйымды пайдалану ережелерін
ұстанбаудан туындаған зақымдар үшін өндіруші жауапкершілікке тартыл-
майды.
Аспап тек тұрмыстық пайдалануға арналған. Құрылғының өндірістік неме-
се кез келген басқа пайдаланылуы бұйымды дұрыс пайдалану ережелерінің
бұзылысы болып табылады.
Құрылғыны электр желіге қосудың алдында оның кернеуі аспап қоректе-
нуінің номиналды кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз (бұйымның техни-
калық сипаттамасын немесе зауыттық кестешесін қараңыз).
Аспаптың тұтынылатын қуатына арналған ұзартқышты пайдаланы-
ңыз параметрлердің сәйкес келмеуі қысқа тұйықталуға немесе кабельдің
тұтануына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Аспапты тек жерлендірілген розеткаға қосыңыз бұл тоқ соғуға қарсы
қорғаныстың міндетті талабы. Ұзартқышты пайдаланылғанда ол да жер-
лендірілгеніне көз жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспап жұмыс істеп тұрғанда оның корпусы,
табағы мен металдық бөлшектері қызады! Абай болыңыз! Асха-
налық қолғапты пайдаланыңыз. Ыстық буға күйіп қалмау үшін
қақпақты ашқанда құрылғының үстінде еңкеймеңіз.
Аспапты пайдаланған соң, сонымен қатар оны тазалау немесе жылжыту
кезінде розеткадан ажыратыңыз. Электр бауды сымынан ұстамай, ашасынан
құрғақ қолмен ұстап шығарыңыз.
Электр қоректену бауын есіктен немесе жылу көздерінің қасында жүргіз-
беңіз. Электр бауы бұралмауын және бүгілмеуін, өткір заттарға, жиһаздың
бұрыштары мен шеттеріне тимеуін байқаңыз.
Есте сақтаңыз: электр қоректену кабелін кездейсоқ зақымдасаңыз,
кепілдік шарттарына сәйкес келмейтін ақауларға, сонымен қатар
электр тоғының соғуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Зақымданған
электр бауы сервис- орталықта жылдам ауыстыруды талап етеді.
Аспапты жұмсақ бетке орнатпаңыз, оны жұмыс кезінде жаппаңыз бұл
құрылғының қызуына және бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Дискілік қыздыру элементінің күйін өзгерту барысында аспапты жеткізу
жиынтығына кіретін шымшуырларды міндетті түрде қолданыңыз бұл
күйіп қалу мен басқа да жарақаттар алу мүмкіндігін болдырмайды.
Жоғары айқындамада қыздыру дискісін орнату барысында аспаптьың
жұмыс камерасының қабырғасындағы қималарда мықты бекітілгендігіне
көз еткізіңіз. Қыздыру элементін қате орнату аспапты пайдалану процесін-
де оның өздігінен жылжуына немесе сынуына алып келуі мүмкін.
Егер аспап электр желісіне қосылған болса, электр тогына
зақымға ұшыраудан сақтану үшін, қыздыру элементінің күйін
өзгертіңіз!
Егер дискілік қыздыру элементі жоғары айқындамада орна-
тылған болса, аспап қақпағын жабуға тосқауыл қойылады.
Аспапты ашық ауада пайдалануға тыйым салынады құрылғы корпусының
ішіне ылғал немесе бөтен заттар тисе, қатты зақымдар болуы мүмкін.
Аспапты тазалаудың алдында ол электр желіден ажыратылғанына және
толық суығанына көз жеткізіңіз. Аспапты тазалау бойынша нұсқаулықтар-
ды қатаң ұстаныңыз.
Аспап корпусын суға батыруға немесе су ағынына түсіруге ТЫЙ-
ЫМ САЛЫНАДЫ!

Содержание