Redmond SkyKitchen RMK-CB391S [37/56] Радио қызметі

Redmond SkyKitchen RMK-CB391S [37/56] Радио қызметі
SkyKitchen RMK-CB391S
37
KAZ
1. Әзірлеу уақытын белгілеу үшін автоматты бағдарламаны таңдағаннан кейін «Время/
Отсрочка» батырмасын басыңыз. Дисплейдегі сағат мәні индикаторы және инди-
каторы жыпылықтай бастайды.
2.
Джойстикті бұрау арқылы уақыттың қажетті шамасын белгілеңіз. Енгізілген өзгерістерді
растау үшін «ОК» батырмасын басыңыз, минут мәні индикаторы жыпылықтай бастайды.
3. Джойстикті бұрау арқылы қажетті минут мәнін белгілеңіз. Сағат мәндерін қайта өз-
герту үшін «Ок» батырмасын басыңыз.
4. Енгізілген өзгерістерді растау басқару тақтасындағы батырмаларды 5 секунд бойы
баспаңыз, өзгертулер автоматты түрде сақталады. Енгізілген өзгерістерді сақтамастан
күту режиміне ауысу үшін «Отмена/Разогрев» батырмасын басыңыз.
Сағат пен минут мәндерін өзгерту бір-бірінен тәуелсіз жүзеге асады. Максималды (мини-
малды) ауқымға жеткенге орнату ауқымның басынан басталады.
Кейбір автоматты бағдарламаларда уақыт санағы тек құрал белгіленген жұмыс тем-
пературасына жеткеннен кейін ғана басталады. Мысалы, егер суық су құйып, «ПАР»
бағдарламасында әзірлеу уақытын 5 минут деп белгілесе, онда бағдарламаны іске қосу
және белгіленген уақыттың кері санағы тек су қайнағаннан кейін және тостағанда
тығыз бу түзілгеннен ғана басталады. «МАКАРОНЫ» бағдарламасында белгіленген
әзірлеу уақыты санағы су қайнағаннан кейін және «Старт» батырмасын қайталап
басқаннан кейін басталады.
Бағдарламаның басталуын кейінге қалдыру
«Бастауды кейінге қалдыру» қызметі аяқталғаннан кейін әзірлеу бағдарламасының орын-
далуы басталатын уақыт аралығын белгілеуге мүмкіндік береді. Бастауды кейінге қалды-
рудың максималды уақыты 24 сағат.
Стартты кейінге шегеру режимінде дисплейде функция жұмысының кері минут сайынғы
есебі көрінеді. Белгіленген тағам әзірлеу уақытын көру үшін «Время/Отсрочка» батырма-
сын басу керек.
1. Бастауды кейінге қалдыру уақытын белгілеу үшін автоматты әзірлеу бағдарламасын
таңдағаннан кейін «Время/Отсрочка» батырмасын екі рет басыңыз. Дисплейдегі сағат
мәні индикаторы және индикаторы жыпылықтай бастайды.
2. Джойстикті бұрай отырып сағаттың қажетті шамасын белгілеуге болады. Өзгерту қа-
дамы 1 сағат. Енгізілген өзгерістерді растау үшін «ОК» батырмасын басыңыз, минут
мәні индикаторы жыпылықтай бастайды.
3.
Джойстикті бұрай отырып минуттың қажетті мәнін белгілеңіз. Өзгерту қадамы 1
минут. Сағат мәнін қайталап өзгерту үшін «ОК» батырмасын басыңыз.
Сағат және минут мәндерінің артуы бір-бірінен тәуелсіз жүзеге асырылады. Ауқымның
максималды (минималды) мәніне жеткенде белгілеу ауқымның басынан басталы. Енгізіл-
ген өзгертулерді сақтаусыз баптауларды үзу үшін «Отмена/Разогрев» батырмасын басыңыз.
Бастауды кейінге қалдыру қызметі «ЖАРКА», «МАКАРОНЫ», «СОУС», «ФРИТЮР» және
«ЭКСПРЕСС» бағдарламаларында қол жетімсіз болады.
Рецептте жылдам бүлінетін өнімдер (жұмыртқа, сүт, ет, ірімшік және т. б.) пайдала-
нылатын жағдайда «Отсрочка старта» қызметін пайдалану ұсынылмайды.
Дайын тағамдар температурасын сақтау (автоқыздыру)
Аталмыш қызмет әзірлеу бағдарламасы уақыты аяқталғаннан кейін автоматты түрде бірден
қосылады және дайын тағам температурасын 70-75°С аралығында 12 сағат бойы сақтай
алады. Автоқыздыру жұмыс жасап тұрғанда «Отмена/Разогрев» бастырмасының жарығы
жанады, дисплейде жұмыс индикаторы және қызмет қалпы, аталмыш режимдегі жұмыс
уақытының тікелей санағы көрінеді.
Қызмет жұмысын аяқтау үшін «Отмена/Разогрев» батырмасын басыңыз және ұстап тұрыңыз.
Құрал күту режиміне ауысады.
Автоқыздыру қызметі «ЙОГУРТ/ТЕСТО», «ЧИЗКЕЙК», «МАКАРОНЫ», «СОУС», «ФРИТЮР»
және «ЭКСПРЕСС» бағдарламаларын пайдаланғанда қол жетімсіз болады.
Автоқыздыруды алдын ала сөндіру
Бағдарламаның жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін автоқыздыруды қосу үнемі қажетті бола
бермейді. Осыны ескере отырып, REDMOND SkyKitchen RMK-CB391S мультиқайнатқышын-
да аталмыш қызметті әзірлеу бағдарламасын іске қосқанға дейін немесе одан кейін алдын
ала сөндіру мүмкіндігі қарастырылған. Бұл үшін баптау немесе әзірлеу бағдарламасының
немесе «Бастауды кейінге қалдыру» қызметінің жұмысы барысында «Старт» батырмасын
басыңыз. индикаторы сөнеді, автоқыздыру қызметі өшеді. Автоқыздыруды қайта қосу
үшін «Старт» батырмасын қайта басыңыз ( индикаторы жанады).
Тағамды жылыту
REDMOND SkyKitchen RMK-CB391S мультиқайнатқышын салқын тағамдарды жылыту үшін
де пайдалануға болады. Бұл үшін:
1. Тағамдарды тостағанға салып, оны мультиқайнатқышқа орнатыңыз.
2. Қақпағын жауып, құралды электр желісіне қосыңыз.
3. «Отмена/Разогрев» батырмасын басыңыз, дыбыстық белгі беріледі. Дисплейде сәйкес
индикатор және батырма жарығы жанады. Таймер жылыту уақытын есептеуді бастайды.
Құрал тағамды 70-75°С дейін жылытады және оны ыстық қалпында 12 сағатқа дейін
сақтайды. Қжет болған жағдайда жылытуды «Отмена/Разогрев» батырмасын басып баты-
рмасын басу және ұстап тоқтатуға болады. Дыбыстық белгі беріледі, дисплейдегі сәйкес
индикаторлар мен батырма жарығы сөнеді.
Автоқыздыру және жылыту қызметтерінің арқасында мультиқайнатқыш тағамды 12
сағатқа дейін ыстық қалпында сақтай алады, алайда ыстық қалпындағы тағамды 2-3
сағаттан артық уақытқа қалдырмауды ұсынамыз, себебі ол тағамның дәмінің өзгеруі-
не алып келеді.
«Радио» қызметі
Аталмыш қызмет құрал жұмысының кез келген режимінде радио тыңдауға және жадыда
іздеу мен ойнату қолайлы болуы үшін 9 радиостанцияға дейін сақтауға мүмкіндік береді.
1.
Аталмыш қызметті қосы үшін кез келген режимде «Радио» батырмасын басыңыз.
Дисплейде соңғы қосылған радиостанция номері, оның мегагерцпен жиілігі (МГц),
сонымен қатар, «Радио» қызметі индикаторы көрінеді.
2.
Радиостанцияларды баптау джойстикті бұрау арқылы жүзеге асырылады. Өзгерту
қадамы — 0,1 МГц.

Содержание