Philips GC 4870 [115/294] Қазақш

Philips GC 4870 [115/294] Қазақш
2 Үтікті тігінен қойыңыз.
3 Қажетті үтіктеу температурасын орнату
үшін, температура дөңгелегін тиісті күйге
келтіріңіз (жоғарыдағы «Температура және
бу параметрлері» кестесін қараңыз).
Мата түрін анықтау үшін, заттың құлақша қағазын
қараңыз.
Егер сіз затыңыздың қандай матадан жасалғанын
білмесеңіз, қажетті үтіктеу температурасын,
киімді кигенде көрінбейтін жерін үтіктеу арқылы
анықтап алыңыз.
Жібек, жүн және синтетикалық маталарды,
жылтырап кетпес үшін, ішінен үтіктеген
дұрыс. Дақтар қалмас үшін, су шашу
қызметін қолданбаңыз.
Ең төмен үтіктеу температурасын қажет ететін
заттардан, мысалы синтетикалық талшықтардан
жасалған заттардан бастап үтіктеңіз.
4 Тиісті бу параметрін орнатыңыз
(жоғарыдағы «Температура және бу
параметрлері» кестесін қараңыз).
Ескертпе Таңдаған бу бағдарламаңыз үтіктеуге
таңдаған температура бағдарламасына сәйкес
келетін болсын.
5 Қуат ашасын тек жерге қосылған қабырға
розеткасына жалғаңыз.
, Сары температура жарығы жанады.
6 Температураны білдіретін сары жарық
сөнгеннен кейін, шамалы күтіп, үтіктей
бастаңыз.
, Температураны білдіретін жарық, үтіктеп
жатқанда анда-санда қайта жанып\сөніп
отырады.
ҚазаҚша 115

Содержание

Скачать