Samsung RB-31FERMDSS [79/92] Тоңазытқышты теңестіру

Samsung RB-31FERMDSS [79/92] Тоңазытқышты теңестіру
орнату
_17
 
Орнатқанда жоғарғы, артқы жағынан,
сол және оң жағынан желдетуге
жеткілікті бос орын қалдырыңыз.
Бұл қуат үнемдеуге және қуат төлемін
азайтуға үлесін қосады.
Тоңазытқышты температурасы 10 ºC градустан
төмен жерге орнатуға болмайды.
Техникалық қызмет немесе қызмет көрсету
жағдайында құралдың еркін жылжуына көз
жеткізіңіз.
Орнатқанда, жөндегенде немесе
тазалағанда, құрылғыны орнынан түзу
тартып шығарып, түзу итеріп орнына
қойыңыз.
Сондай-ақ, еден толық салмақты
тоңазытқышты көтере алатынын
тексеріңіз.
Әйтпегенде, еден бүлінуі мүмкін.
Қуат сымының артығын тоңазытқыштың
артына қарай жоғары жинап қойыңыз,
орнынан қозғағанда жаншылып қалмасын.

Тоңазытқыш дұрыс орналасу үшін тегіс және
еденнің қалған жерімен биіктігі бірдей, қатты
материалдан жасалған беткейге қою керек. Беткейі
іші толтырылған тоңазытқышты көтере алатын
болуы керек (немесе шамамен 65 кг ). Еденнің
жылтыр бетін қорғау үшін картон қағаздың
үлкен бөлігін кесіп алып, тоңазытқыштың астына
қойыңыз.
Тоңазытқышты тарту немесе итеру
еденді бүлдіруі мүмкін.
Орнатылған тоңазытқышты орнынан
қозғау еденді бүлдіруі мүмкін.



Егер құрылғының алдыңғы жағы артқы жағынан
кішкене жоғары болса, есікті оңайырақ ашып
жабуға болады.
1-жағдай) Құрылғы солға қарай төмен еңкейіп тұр.
Реттелетін аяғын жебе бағытымен құрылғы
теңелгенше солға қарай бұрыңыз.
2-жағдай) Құрылғы оңға қарай төмен еңкейіп тұр.
Реттелетін аяғын жебе бағытымен құрылғы
теңелгенше оңға қарай бұрыңыз..


DA68-02833R(0.1).indb 17 2012.12.18 9:37:16 AM

Содержание