Rovus ULTRA FABRIC STEAMER [46/100] Адамның үстінде ешқашан бумен жібіткішті пайдаланбаңыз және буды адамдарға немесе жануарларға қарай бұрмаңыз

Rovus ULTRA FABRIC STEAMER [46/100] Адамның үстінде ешқашан бумен жібіткішті пайдаланбаңыз және буды адамдарға немесе жануарларға қарай бұрмаңыз
46
•
Суға арналған сұйықтықты MAX белгісінен жоғары толтырмаңыз, себебі бұл ағып
кетуіне алып келуі мүмкін.
•
Егер бумен жібіткіштің температурасы суды буландыру мен буды құру үшін жоғары
деңгейде болмаса, алғашқы саптамадан судың ағып кетуі мүмкін. Сондықтан оны
пайдаланар алдында кем дегенде 2-3 минут бумен жібіткішті ысытып алу керек
.
•
Адамның үстінде ешқашан бумен жібіткішті пайдаланбаңыз және буды адамдарға
немесе жануарларға қарай бұрмаңыз.
•
Сымының ыстық қабатқа тиюіне жол бермеңіз.
•
Бумен жібіткішті таза ұстаңыз. Пайдаланушының осы нұсқаулығында көрсетілген
құралға күтім жасау жөніндегі нұсқаулықтарға назар аударыңыз.
САҚТЫҚ ЖӨНІНДЕГІ МАҢЫЗДЫ ІС-ШАРАЛАР:
•
Пайдаланар алдында желі сымын толығымен тарқатыңыз.
•
Қоректендіру сымын тек қана 220-240В розеткаларға қосыңыз.
•
Қоректендірудің желі сымы орындықтың немесе үстелдің қырынан түсіп тұрмауы, сонымен бірге ыстық беткейлермен түйіспеуі немесе шатаспауы тиіс.
•
Электр тогымен зақымданудан қорғау үшін желі сымын, айырын немесе құрал-жабдықты суға немесе кез келген басқа сұйықтыққа салмаңыз. Егер құрал-жабдықты тазалау жөніндегі
нұсқаулықтарда басқасы көзделмесе, қосалқы бөлшектерге судың кіруіне мүмкіндік бермеңіз.
•
Құрал-жабдықты тұрақты негізде тексеріп тұруға кеңес береміз. Қауіптің алдын алу үшін құрал-жабдықты желі сымына, айырына немесе құрал-жабдықтық өзінде зақымдану болған
жағдайда, пайдаланбаңыз. Құрал-жабдықты жақын орналасқан сервистік орталыққа тексеру мен жөндеу үшін қайтарыңыз.
•
Құрылғыны тиісті түрде пайдаланбау түрлі зақымдарға алып келуі мүмкін.
•
Құрал-жабдықты әрқашан өшіріңіз, сымын розеткадан және құрал-жабдықтың өзінен босатыңыз. Егер сымы алынатын болса, қосалқы бөлшектердің салқындануын күтіңіз.
•
Құрал-жабдықты ыстық беткейлерге немесе оларға жақын жерге, мысалы, ыстық плитаға, пешке немесе жылытқыштарға қоймаңыз.
•
Құрал-жабдықты қабырғалардан, перделерден немесе жылу немесе бу әсерінен икемді басқа материалдардан 20 см. минималды қашықтыққа орналастырыңыз және ауа алмасуы үшін
барлық жағынан жеткілікті кеңістікті қалдырыңыз.
•
Құрылғының тексеруден өткендігіне қарамастан, оны пайдалану және осындай пайдаланудың салдары тек пайдаланушының жауапкершілігінде болады.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚПЕН ТАНЫСУ (1 суретті қараңыз)
A.
Бу қондырғысы
B.
Қоректендірудің сенсорлық түймесі (индикаторы бар)
C.
Будың әлсіз ағынын берудің сенсорлық түймесі
D.
Будың қатты ағынын берудің сенсорлық түймесі
E.
Сабы
F.
Баусымның қорғауға арналған құрылғысы
G.
Бұғаттау қарастырылған буды белсендіру түймесі
H.
Суға арналған сұйыққойма (алынбалы)
I.
Матаға арналған қылшақ (алынбалы)
ПАЙДАЛАНУ
АЛҒАШ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА
•
Бу қондырғысынан кез келген жапсырмаларды немесе қорғауға арналған жабынды алыңыз.
•
Пайдаланар алдында баусымды жазыңыз және түзетіңіз.
•
Бумен жібіткішті бірінші пайдаланар алдында құрал-жабдықтан бірнеше минут ішінде буды шығарыңыз. Бұл өндіріс нәтижесінде құрал-жадбықта қалуы мүмкін кез келген иістерді
және қосындыларды жоюға мүмкіндік береді.
•
Бумен жібіткішті бірінші рет пайдаланған кезде сіз бумен жібітуді бастамас бұрын оның әрекетін ескі матада тексере аласыз.
Назар аударыңыз: Электр желісінің артық жүктелуінің алдын алу үшін бір желіге бумен
жібіткішті пайдаланған кезде басқа құрылғыларды қоспауға кеңес береміз.
ЕСКЕРТУ
:
Құрал-жабдық ең үздік сапаны қамтамасыз етуі үшін өндіріс пен сату алдында сынақтардың түрлі кезеңдерінде тексеріледі. Сол себептен суға арналған сұйыққоймада судың
бірнеше тамшыларының болуы қалыпты жағдай екендігін есте сақтаңыз.
БУМЕН ЖІБІТКІШТІ ЖИНАУ
/
ПАЙДАЛАНУ
1.
Суға арналған ыдысты алға және жоғары қарай жылжытыңыз, суға арналған сұйыққойманың каучуктан жасалынған тығынын көтеріп, оны максималды деңгейге (ыдыста көрсетілген)
дейін құбыр суымен толтырыңыз. Суға арналған сұйыққойма кемінде үштен бір бөлігіне толтырылғандығын әрқашан тексеріңіз. Суға арналған сұйыққойманы толтырған кезде
максималды деңгейден аспаңыз. Сұйыққойманы бастапқы қалпына орнатыңыз.
2.
Бір қолыңызбен бумен жібіткіштің сабы арқылы құрал-жабдықты ұстаңыз. Екінші қолыңызбен матаға арналған қылшақты тік қалыптағы бу қондырғысына бекітіңіз. Қылшақтың
қылтандары жоғары қарай бекітілген және осы қалыпта өзіндік шертпегі естілгенде бекітілген болып саналады
.
Қылшақты кері қалыпта пайдаланыңыз.
3.
Құрал-жабдықты желі баусымына қосыңыз. Қоректендіру түймесін басыңыз да, буды қатты беру шамы жанғанға дейін 2 секунд ұстап тұрыңыз, қоректендіру көрсеткіші жылтылдай
бастаған кезде құрал қыза бастайды. Қоректендіру индикаторы жылтылдауды тоқтатқаннан кейін алдын ала қызу аяқталады және сіз құрал-жабдықты пайдалана бастайсыз.
4.
Құрал будың қатты ағына бапталған, бірақ сіз қатты және әлсіз ағынды тиісті сенсорлық түймені басу арқылы ауыстыра аласыз. Көрсеткіштің қызыл түсі бу ағынының таңдалынған
деңгейін көрсетеді.
5.
Бу генерациясы үшін белсендіру түймесін басыңыз. Егер сіз бумен жібіткішті ұзақ уақыт бойы пайдалануды жоспарласаңыз, сіз құлыпты төмен қарай түсіру арқылы буды белсендіру
түймесін бұғаттай аласыз. Сіз оны құлыпты жоғары қарай көтеру арқылы бұғаттан шығара аласыз.
6.
Бумен жібіткіштің автоматты түрде өшірудің зияткерлік қызметі бар. Бумен жібіткішті пайдалануды тоқтатқаннан кейін құрал автоматты түрде апатты жағдайлардың алдын алу үшін
және электр энергиясын үнемдеу үшін өшіріледі.

Содержание

Похожие устройства