Rovus ULTRA FABRIC STEAMER [47/100] Назар аударыңыз бумен жібіткішті адамның немесе жануардың ашық денесіне пайдалануға болмайды

Rovus ULTRA FABRIC STEAMER [47/100] Назар аударыңыз бумен жібіткішті адамның немесе жануардың ашық денесіне пайдалануға болмайды
47
7.
Дәл сол себеппен құрал-жабдық автоматты түрде сұйыққоймада судың деңгейі төмен болған жағдайда өшіріледі.
8.
Алайда сіз құрал-жабдықты кез келген уақытта қоректендіру түймесін 2 секунд ішінде басып, ұстап тұру арқылы өшіре аласыз.
СІЗДІҢ КИІМІҢІЗДІ БУЛАУ
Бумен жібіткішті қолдану оңай және ол киім мен пердедегі қыртыстарды/тегіссіздіктерді оңай тегістейді, сондай-ақ қаптағыш матаны жаңартады.
Оны ілініп тұрған маталарды үтіктеу үшін немесе тігінен тұрған матаны оның бетімен жоғары және төмен жылжып тегістеу үшін оңай пайдалануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Бумен жібіткіш ілініп тұрған киімді үтіктеу үшін тігінен пайдалануға арналған. Бумен жібіткішті көлденең жатқан киімді булау үшін пайдаланудан бас тартыңыз.
1.
Матаның артында ауа алмасатын орынның болуын қадағалаңыз. Олай болмаған жағдайда ылғалдың жиналуы зеңнің пайда болуына алып келуі мүмкін.
2.
Киімнің қалталарын босатыңыз, манжеталары мен етегін тегістеңіз.
3.
Киімді ілгішке іліп, матасын бір қолыңызбен аздап созыңыз. Киімнің артында будың әсерінен зақымдалуы мүмкін бөгде заттардың болмауын тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: бумен жібіткішпен металл аксессуарларын булау үшін пайдалануға болмайды. Сондай аксессуарлардың айналасындағы матаны булау кезінде құралды абайлап пайдаланыңыз.
4.
Булау түймесін басып ұстап тұрыңыз. Аздаған діріл мен булау жолында гуілді сезесіз: бұл қалыпты жағдай, өйткені бу тігінен шығып, қозғалып жатыр.
5.
Щетканы жоғары және төмен қарай жылжытып, киіміңізге аздап басыңыз да, матаның қыртыстарын тегістеңіз.
6.
Будың жіберілуін тоқтату үшін бу жіберетін түймені жіберіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Нәтиже жақсы болу үшін буланып жатқан матаның толық тегістелгеніне көз жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Киімді бумен жібіткіш жоғары температуралы бу шығарады. Бу
саптамасына қол тигізбеңіз. Бу саптамасының сізге қарай бағытталып тұрмағанына және
тігінен орналасқанынан көз жеткізіңіз.
7.
Бумен жібіткішті щеткасыз пайдаланған жағдайда бу саптамасы мен матаның арасындағы арақашықтық 5 см құрау керек.
ПЕРДЕЛЕРДІ БУЛАУ
1.
Перделерді матасының түріне қарай нұсқауларға сәйкес жуып, кептіріңіз.
2.
Перделерді іліп, оларды ілінген күйінде бумен жібіткіштің көмегімен үтіктеңіз.
3.
Қыртыстар мен тегіссіздіктерді оңай кетіру үшін булау кезінде пердені бір қолыңызбен аздап созып тұрыңыз.
ЖИҺАЗДАҒЫ ҚАПТАУЫШТЫ БУЛАУ
1.
Бумен жібіткішті қаптауыштың, жиһаздағы тысқаптардың және бөлмедегі жастықтардың сырт көрінісін жаңарту үшін пайдалануға болады. Булау алдында бумен жібіткіштің әсерін
матаның кішкентай бөлігіне пайдаланып байқап көріңіз.
2.
Бумен жібіткішті тігінен ұстаңыз, жоғары және төмен қарай жылжытыңыз. Жиһазыңыздың матасын аздап булаңыз. Жастықтарды булау үшін оларды алып, іліп қою керек. Жиһазға қайта
қою үшін оларды толығымен кептіріп алған жөн.
ЕСКЕРТПЕ: Нәзік маталарды булау кезінде щеткасы бар саптаманы пайдаланған дұрыс. Нәтижесі жақсы болу үшін қарыспа қыртыстарды тегістеген кезде бу саптамасынан щетканы алып тастап,
таңдап алынған жерді қыртыстар тегістелгенше булаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Матаның метал аксессуарлары болған жағдайда бумен жібіткішті
тура металдың үстімен жүргізбеңіз, себебі бұл оның түссіздінеуіне алып келуі мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Щетканы бекітер немесе алып тастар алдында бумен жібіткішті
электр желісінен ажыратып тастаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жиынтықтың құрамында жеткізілетін саптамалар мен аспаптарды ғана пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер құрал қатты шуылдап, бу шығармаса сұйыққоймадағы судың деңгейін тексеріңіз. Суы болмаған жағдайда, оны толтыру керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Бумен жібіткішті адамның немесе жануардың ашық денесіне
пайдалануға болмайды.
ӘР ҚОЛДАНҒАННАН КЕЙІН
•
Қуат беру түймесін басыңыз және қуат беретін сымды розеткадан суырыңыз.
•
Суы бар сұйыққойманың тығынын ашыңыз және суды төгіп алу үшін (шұңғылшаға немесе шелекке) төңкеріңіз.
•
Бумен жібіткішті түпқоймаға тігінен қойыңыз және суытыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП-БАПТАУ
•
Бу саптамасынан щетканы алып, оны ылғал матамен тазалаңыз.
•
Агрессивті немесе қажайтыні тазартқыш құралдарды немесе ерітінділерді пайдаланбаңыз.
•
Бумен жібіткішті судың немесе басқа кез-келген сұйықтықтың ішіне салмаңыз.
•
Бумен жібіткішті тастамаңыз, лақтырмаңыз және майыстырмаңыз.
•
Құралды бөлшектеуге әрекет жасамаңыз.
•
Әр қолданғаннан кейін әрдайым суға арналған сұйыққойманы босатып, таза сумен жуып тұрыңыз.
•
Құралдың сыртқы беттерін ылғал шүберекпен сүртіңіз.
•
Құралды ылғал жерде пайдаланбаңыз.
•
Құралды жылу көздерінің жанына немесе күн сәулесі тікелей түсетін жерге қоймаңыз.
•
Бу шығатын саңылаудың таза екеніне көз жеткізіңіз, оның ішінде қақтың болмауын және бітелмегенін тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бумен жібіткіш құбыр суымен пайдалануға арналған.
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ
АҚАУЛЫҚ ЫҚТИМАЛ ШЕШІМІ
Бумен жібіткіш қызбайды • Ашаның дұрыс салынғанын тексеріңіз.
• Қуаттың болуын тексеріңіз.
• Қуат беретін түймені қайта басыңыз.

Содержание

Похожие устройства