Vitek VT 1474 [13/32] Қазақ

Vitek VT 1474 [13/32] Қазақ
13
Қ А З А Қ
Блендерді пайдалану
Құрылғы азық-түлікті ұсақтауға, мұзды
жаруға, əртүрлі құрамдас бөліктерді
араластыруға, коктейльдерді дайындауға
арналған.
Тостаған негізіндегі (6) жəне моторлық
блоктағы (7) белгілерді сəйкестендіріп,
блендер тостағанының негізін (6)
моторлық блокка (7) орнатыңыз, блендер
тостағанын (3) сағат тілі бойынша
тірелгенге дейін бұраңыз.
Блендер тостағаны қақпағын (2) шешіңіз.
Құрамдас бөліктерді тостағанға (3)
салыңыз.
Блендер тостағанын (3) қақпақпен (2)
жабыңыз, өлшейтін ыдысты (1) қақпақ
саңылауына (2) салыңыз.
Блендер тостағаны (3) дұрыс
орнатылғанына жəне бекітілгеніне
қайталап көз жеткізіңіз.
Желілік баудың айыртетігін ашалыққа
салыңыз.
Ескерту:
Егер блендер тостағаны немесе пышақтар
блогы дұрыс орнатылмаған болса, құрылғы
іске қосылмайды.
Жұмыс режимдерінің ауыстырғышымен
(8) қажетті режимді белгілеңіз:
- “1” (төмен жылдамдық) – сұйық азық-
түлікті араластыруға арналған.
- “2” (жоғары жылдамдық) – сұйық жəне
қатты азық-түлікке арналған.
- «Р» - жұмыс істеудің импульсты режимі.
Ескерту:
Блендердің үздіксіз жұмыс істеу уақыты
3 мин. аспауы, ал іске қосылулардың
арасындағы үзіліс 2 мин. кем болмауы
керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
Құрылғыны блендердің бос тостағанымен
(3) іске қоспаңыз.
Блендер тостағанын (3) максималды
белгіден жоғары толтырмаңыз.
Блендер тостағанына араластыру
процесінде құрамдас бөліктерді қосу
үшін, қақпақтан (2) өлшейтін ыдысты
(1) шығарыңыз, құрамдас бөліктерді
қақпақтағы
саңылау (2) арқылы қосыңыз,
біртіндеп жəне кішкене бөліктермен.
Сұйықтықты қосу үшін өлшейтін ыдысты (1)
пайдаланыңыз.
Жұмысты аяқтағаннан кейін, азық-түлікті
шығарғанға дейін, ауыстырғышты (8) «0»
күйіне белгілеп, құрылғыны сөндіріңіз
жəне желілік баудың айыртетітігін
ашалықтан суырыңыз.
Блендер тостағанын (3) сағат тіліне қарсы
бұраңыз жəне оны моторлық блоктан (7)
шешіңіз.
Қақпақты (2) шешіңіз жəне дайын
азық-түлікті Блендер тостағанынан (3)
шығарыңыз.
Блендер тостағанын жуыңыз.
Тазалау жəне күтім
Жұмыс істеп болғаннан кейін құрылғыны
сөндіріңіз жəне желілік баудың айыртетігін
ашалықтан суырыңыз.
Барлық шешілмелі бөліктерді жұмсақ
жуғыш затпен жылы суда жуыңыз, содан
кейін кептіріңіз.
Құрылғы корпусын жұмсақ сəл дымқыл
матамен сүртіңіз.
Қатты ысқыштарды жəне қажайтын
тазалағыш заттарды пайдаланбаңыз.
Блендер корпусын суға немесе
басқа сұйықтықтарға салуға тыйым
салынады.
Блендер корпусын кез-келген сұйықтарға
матыруға, сонымен қатар оны ыдыс
жуатын машинаға салуға тыйым
салынады.
Блендер тостағанын (3) бөлшектеу
Ескерту:
Пышақтар блогын (5) оны шешу алдында
тікелей блендер тостағанында (3) жуыңыз.
Блендер тостағанының негізін (6) ұстап,
тостағанды (3) сағат тіліне қарсы бұраңыз
жəне негізден (6) шешіңіз.
Пышақтар блогын (5) тостаған негізінен
(6) шығарыңыз.
VT-1474_instr.indd 13VT-1474_instr.indd 13 01.07.2011 16:27:2201.07.2011 16:27:22

Содержание