Bosch TDI903231H Белый/Фиолетовый [161/166] Sensorsteam функциясы

Bosch TDI903231H Белый/Фиолетовый [161/166] Sensorsteam функциясы
161
B O S C H
ҚАЗАҚ
“i-Temp” технологиясы
Бұл технология үтіктеуге болатын барлық маталар үшін
жарамды температура мен будың тиісті тіркесімін орнатады
( белгілері).
“i-Temp” технологиясын үтіктеуге болмайтын маталарға
қолданылмайды (
белгісі)
Киімнің жарлықшасында келтірілген ұсыныстарға жүгініңіз
немесе кигенде көрінбейтін жерді үтіктеп көріңіз.
AntiShine
AntiShine” бағдарламасы *
Қара және нәзік маталар үшін жарамды. Үтіктеу кезінде
жалтыраған іздердің пайда болу қаупін азайтады.
Кеңес: Маталарды жуғаннан кейін әлі дымқыл болған кезде
үтіктеуге тырысыңыз. Бу үтіктің орнына матаның өзінен
шығарылады.
Hygienic
3.3 “Hygienic” бағдарламасы *
Бұл жаңартпашыл гигиеналық бумен өңдеу технологиясы
микробтардың 99,9 пайызын жояды.
Маталардың барлық түрлері үшін жарамды және қалың мен
сезімтал бұйымдар үшін аса тиімді болып табылады.
Кеңес: Hygienic” бағдарламасынң барынша жоғары
нәтижелілігіне қол жеткізу үшін, бу режимін “max” күйіне
орнату ұсынылады (5-бөлімді қараңыз).
4. “SensorSteam” функциясы
Бастапқы қыздырудан кейін, “SensorSteam” функциясы
қауіпсіздік пен қуатты үнемдеуді арттыра отырып үтікті
қараусыз қалған кезде өшіреді.
1 Тұтқаны ұстаған кезде, үтік қызады. “SensorSteam”
индикатор шамы (2) үздіксіз жанып тұрған күйде
қалады.
2 Тұтқаны жіберген кезде, “SensorSteam” функциясы
белсендіріліп, үтік қызуды тоқтатады. “SensorSteam”
индикатор шамы (2) жыпылықтайды.
4. Бу режимдері
Бұл үтік кірістірілген мотор арқылы бу құрады.
Мотор жұмыс істеп тұрған кезде, су контейнерінің
MotorSteam” индикатор шамдары (14) қосылады.
Үтік бу көлденең күйде үтіктеу кезінде құрылуы үшін
датчикпен жабдықталған. Осылайша будың қажетсіз пайда
болуына жол берілмейді.
* Үлгісіне байланысты

Содержание

Скачать