Vitek VT-8111 [15/24] Қазақша

Vitek VT-8111 [15/24] Қазақша
15
ҚазаҚша
Поролон сүзгішті (25) НЕРА-сүзгішке (26)
орналастырыңыз, сүзгіштерді (25, 26) орнына
орнатыңыз.
Ескерту:
сүзгіштерді (25, 26) орнату алдында алдымен
бұғаттау құралын (27) басып, ұстап тұрыңыз,
содан кейін сүзгіштерді (25, 26) орнына
орнатыңыз.
егер шаңжинағыш-контейнерді (11) орнына
орнату мүмкін емес болса, онда сүзгіштерді
(25, 26) орнатудың дұрыстығын тексеріңіз.
Жиналған шаңжинағыш-контейнерді (11)
шаңсорғыштың корпусына орнатыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Шаңжинағыш-контейнерді (11) шаңсорғыш
корпусына орнатардың алдында поролон
сүзгіштің (25) және НЕРА-сүзгіштің (26) құрғақ
екеніне, және шаңжинағыш-контейнердің (11)
ішінде ылғалдың жоқтығына көз жеткізіңіз.
Шықпалы НЕРА-сүзгішті (21) тазалау
Шаңсорғышты сөндіріңіз және оны электрлік
желіден ажыратыңыз.
Бекіткішке (19) басып, шығаратын сүзгіштің торын
(20) шешіңіз, НЕРА-сүзгішті (21) шығарыңыз.
НЕРА-сүзгішті (21) сәл жылы ағын судың
астында жуыңыз. Сүзгіштерді жуу үшін ыдыс
жуатын машинаны пайдалануға болмайды.
НЕРА-сүзгішті (21) құрғатыңыз. НЕРА-сүзгішті
(21) құрғату үшін фенді пайдалануға тыйым
салынады.
НЕРА-сүзгішті (21) орнына орнатыңыз.
Шығаратын сүзгіштің (20) торын орнына
орнатыңыз.
Ескерту:
НЕРА-сүзгішті (21) орнына орнату алдында,
оның құрғақ екеніне кһз жеткізіңіз.
НЕРА-сүзгішті (21) құрғату үшін фенді
пайдалануға тыйым салынады.
Шаңсорғыш корпусы
Шаңсорғыш корпусын сәл дымқыл жұмсақ
матамен сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
Шаңсорғыш корпусын, желілік бауды және
желілік баудың ашасын суға немесе кез-келген
басқа сұйықтықтарға салуға тыйым салынады.
Шаңсорғыш корпусының ішіне сұйықтықтың
тиюіне жол бермеңіз.
Шаңсорғыш бетін тазалау үшін еріткіштерді және
абразивтік тазалау құралдарын пайдалануға
тыйым салынады.
САҚТАЛУЫ
Шаңсорғышты ұзақ уақытқа сақтауға қойғанға
дейін корпусты, шаңжинағыш-контейнерді (11)
және сүзгіштерді (21, 24, 25, 26) тазалау керек.
Сақтау кезіндегі ыңғайлылық үшін шаңсорғыш
корпусының түбінде орналасқан қылшақтың
горизонталь (17) немесе вертикаль «тұрағының»
орнын пайдаланыңыз.
Шаңсорғышты құрғақ салқын, балалардың
және мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
ЖИНАҚТАУ
1.
Орнатылған шаңжинағыш-контейнері және
сүзгіштері бар шаңсорғыш – 1 дана.
2.
Иілгіш құбыршек – 1 дана.
3.
Телескоптық ұзартқыш түтік – 1 дана.
4.
«ЕДЕН/КІЛЕМ» ауыстырғышы бар әмбебап
қылшақ – 1 дана.
5.
Саңылауларға арналған қондырма – 1 дана.
6.
Жиһаз қаптамасын тазалауға арналған
қондырма/жиһазға арналған қылшақ – 1 дана.
7.
Қондырмаларды ұстағыш – 1дана.
8.
Нұсқаулық – 1 дана.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Қуаттандыру кернеуі: 220-240 В ~ 50 Гц
Номиналдық тұтыну қуаттылығы: 1800 Вт
Максималды тұтынатын қуаты: 2200 Вт
Сору қуаттылығы: 350 Вт
ПАЙДАҒА АСЫРУ
Қоршаған ортаны қорғау мақсатында, аспаптың
және қуаттандыру элементтерінің (егер жинақтың
құрамына кірсе) қызмет ету мерзімі аяқталғаннан
кейін, оларды күнделікті тұрмыстық қалдықтармен
бірге тастауға болмайды, аспап пен қуаттандыру
элементтерін ары қарай кәдеге асыру үшін
мамандандырылған орындарға өткізу керек.
Бұйымдарды қайта өңдеу кезінде пайда болатын
қалдықтар белгіленген тәртіп бойынша келесі қайта
өңделетін міндетті жинауға жатады.
Берілген өнімді қайта өңдеу туралы қосымша
ақпаратты алу үшін жергілікті муниципалитетке,
тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу қызметіне немесе
берілген өнімді Сіз сатып алған дүкенге хабарласыңыз.
Дайындаушы аспапты жақсарту мақсатында,
алдын-ала хабарламай, аспаптың дизайнын,
конструкциясы және оның жұмыс қағидатына
әсер етпейтін техникалық сипаттарын
өзгерту құқығын өзіне қалдырады, соған
байланысты нұсқаулық пен бұйымның арасында
кейбір айырмашылықтар болуы мүмкін. Егер
пайдаланушы осындай сәйкессіздіктерді анықтаса,
нұсқаулықтың жаңартылған нұсқасын алу үшін
сәйкессіздік туралы info@vitek.ru электрондық
поштасына хабарлауыңызды сұраймыз.
Құралдың қызмет ету мерзімі – 3 жыл
Гарантиялық мiндеттiлiгi
Гарантиялық жағдайдағы қаралып жатқан
бөлшектер дилерден тек сатып алынған адамға
ғана берiледi. Осы гарантиялық мiндеттiлiгiндегi
шағымдалған жағдайда төлеген чек немесе
квитанциясын көрсетуi қажет.
IM VT-8111.indd 15 10.04.2018 11:44:38
Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 0

Какой Hepa фильтр в пылесос VitekVT8111
4 года назад