Samsung FQ315S002 [144/156] Микротолқын режимін қолдану жалғасы

Samsung FQ315S002 [144/156] Микротолқын режимін қолдану жалғасы
40
KZ
Микротолқын режимін қолдану (Жалғасы)
СҰЙЫҚ ТАҒАМДАРДЫ ҚЫЗДЫРУ
Сұйықтарды қыздырған кезде өте абай болыңыз Қатты қайнап тасып төгіліп кетпес үшін
сусынға қасық немесе шыны таяқша салыңыз Қыздырып жатқанда және қыздырып
болғаннан кейін де әрқашан араластырыңыз Температура тағам бойына біркелкі тарау
үшін пешті сөндіргеннен кейін тағамды кем дегенде 20 секунд қоя тұрыңыз
БАЛАНЫҢ ТАҒАМЫН ҚЫЗДЫРУ
Баланың тағамы
Баланың тағамдарын қыздырған кезде әсіресе өте абай болу керек Тағамды терең
керамика табаққа салыңыз Пластик қақпақпен жабыңыз Қыздырып болғаннан
кейін жақсылап араластырыңыз Берердің алдында 2 - 3 минут қоя тұрыңыз Қайта
араластырыңыз, температурасын тексеріңіз Үстелге тартар кезде температурасы
30 - 40 °C аралығында болу ұсынылады
Баланың сүті
Сүтті зарарсыздандырылған шыны бөтелкеге құйыңыз Бетін жаппай қыздырыңыз
Баланың шөлмегін ешқашан еміздігін алмай қыздырмаңыз, себебі қатты қызған шөлмек
жарылып кетуі мүмкін Жақсылап шайқаңыз да, қоя тұрыңыз, берердің алдында қайта
шайқаңыз Балаға беретін сүттің немесе тағамның температурасын әрқашан мұқият
тексеріңіз Үстелге тартар кезде температурасы 37 °C болу ұсынылады
ЖІБІТУ
Микротолқындар мұздатылған тағамды жібітуге тамаша жарайды Микротолқындар
мұздатылған тағамдарды аз уақыт ішінде баппен жібітеді Бұл күтпеген жерде қонақ келе
қалған жағдайда, сізге үлкен көмек болуы мүмкін
Мұздатылған құс етін әбден жібітіп барып пісіру қажет Металл сымдары болса алып,
орамынан шығарып, аққан сұйықты сорғытыңыз
Мұздатылған тағамды ыдысқа салыңыз, қақпақ жаппаңыз Орта шегіне келгенде
аударыңыз, сұйығы болса дереу ағызыңыз
Тағамды жиі-жиі тексеріп, жылып кетпегеніне көз жеткізіңіз
Мұздаған тағамның кішкене және жұқа бөліктері қыза бастаса, оларды кішкене алюминий
фольгадан жасалған таспамен орап қоюға болады
Құс етінің сыртқы жағы жыли бастаса, ТОҚТАТУ/БОЛДЫРМАУ түймешігін басып
20 минут күте тұрып, содан кейін жалғастырыңыз
Балық, ет және құс етін әбден жібіту үшін қоя тұрыңыз
Тағамды әбден жібітуге қажетті уақыт, жібітілетін тағамның мөлшеріне қарай әртүрлі
болады Келесі беттегі кестеге қараңыз
Кеңес Жалпақ тағам қалың тағамға қарағанда, аз мөлшердегі тағам, көп
мөлшердегі тағамдарға қарағанда тез жібиді Тағамды мұздату мен жібіту
кезінде осы кеңесті есте ұстаңыз
Температурасы шамамен -18-ден -20 °C дейінгі мұздатылған тағамдарды жібіту үшін
төмендегі кестеге сүйеніңіз
FQ315S002-BWT-03209N-02_KZ.indd 40 10/09/2012 14:31:29

Содержание