Samsung FQ315S002 [111/156] Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұматтар жалғасы

Samsung FQ315S002 [111/156] Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұматтар жалғасы
7
KZ
МАҢЫЗДЫ:
Жас балаларға микротолқынды пешті қолдануға, онымен ойнауға ЕШҚАШАН
рұқсат бермеу керек Сонымен қатар, микротолқынды пеш іске қосылып тұрған
кезде де, балаларды қараусыз қалдыруға болмайды Баланың көзін тартатын
заттарды, пеште сақтауға немесе оның үстіне қоюға болмайды
Бұл құрылғы кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану
тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар (балаларды қоса алғанда) қолдануға
арналмаған Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның
нұсқауы немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс
Балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек
Құрылғы іске қосылып тұрғанда қызып кетеді Пештің ішіндегі қыздырғыш
элементтерге қол тиіп кетпес үшін абай болу керек
Түрпілі тазалағыш заттарды немесе өткір металл қырғыштарды пеш есігінің
шынысын тазалау үшін ҚОЛДАНБАҢЫЗ, себебі бұндай заттар шыны бетіне сызат
түсіріп оның шытынап кетуіне алып келеді (бар болса)
ЕСКЕРТУ
Егер есік немесе есік тығыздағыштарына нұқсан келсе, микротолқынды пешті уәкілетті
техник маман жөндегенше іске қосуға болмайды
ЕСКЕРТУ
Микротолқын қуатынан қорғайтын қақпақты алуды қажет ететін жөндеу немесе
техникалық күтім көрсету жұмыстарын, білікті маманнан басқа адамдар жүзеге асырса,
бұл олар үшін қатерлі
ЕСКЕРТУ
Сұйық тағамдар мен басқа да тағамды тұмшаланып жабылған сауыттарда қыздыруға
болмайды, себебі олар жарылуы мүмкін
ЕСКЕРТУ
Балаларға пешті дұрыс қолданбағанда қатерлі жағдайлардың орын алатындығын
түсіндіріп, оларға тиісті нұсқаулар бергеннен кейін ғана микротолқынды пешті ешкімнің
қадағалауынсыз пайдалануға рұқсат етіңіз
ЕСКЕРТУ
Құрылғыны аралас режимде пайдаланған кезде, қызу пайда болатындықтан балалар
пешті тек ересектердің қадағалауымен ғана пайдалануға тиіс
ЕСКЕРТУ
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда қол жететін бөлшектері қызып тұруы мүмкін
Жас балаларды алыс ұстау керек
Микротолқынды пешті ас үй жиһазына орнатуға болмайды
Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұматтар (Жалғасы)
FQ315S002-BWT-03209N-02_KZ.indd 7 10/09/2012 14:31:21

Содержание