Samsung FQ315S002 [143/156] Микротолқынды пеш тағамды әдеттегі конвекция пешінде жұмсалатын уақыттың аз мөлшерін ғана пайдаланып тағамды лезде қыздырады

Samsung FQ315S002 [143/156] Микротолқынды пеш тағамды әдеттегі конвекция пешінде жұмсалатын уақыттың аз мөлшерін ғана пайдаланып тағамды лезде қыздырады
39
KZ
Микротолқын режимін қолдану (Жалғасы)
КҮРІШ ЖӘНЕ МАКАРОН ПІСІРУГЕ ҚАТЫСТЫ КЕҢЕС
Күріш Қақпағы бар, үлкен шыны пирекс ыдысын қолданыңыз (Күріш пісіріп
жатқанда екі есеге өсетінін ескеріңіз) Бетін жауып пісіріңіз Пісіру уақыты
аяқталғаннан кейін, қоя тұрардың алдында араластырыңыз Тұз, шөп
және сары май қосыңыз Күріш пісіріп болғаннан кейін судың барлығын
сіңірмеуі мүмкін екенін ескеріңіз
Макарон Үлкен шыны пирекс шыныаяғын қолданыңыз Қайнаған судан құйыңыз,
бір шөкім тұз салып, жақсылап араластырыңыз Бетін жаппай пісіріңіз
Пісіріп жатқанда, пісіріп болғаннан кейін ара-тұра араластырыңыз Бетін
жауып қоя тұрыңыз, содан кейін суын әбден сорғытыңыз
Тағам
Мөлшері
(г)
Қуат
(Вт)
Уақыт
(мин)
Қоя тұру
уақыты (мин)
Нұсқаулар
Ақ күріш
(буға ұсталған)
250
375
900
15 - 16
17½ - 18½
5
500 мл суық су қосыңыз
750 мл суық су қосыңыз
Қоңыр күріш
(буға ұсталған)
250
375
900
20 - 21
22 - 23
5
500 мл суық су қосыңыз
750 мл суық су қосыңыз
Аралас күріш
(кәдімгі + жабайы
күріш)
250 900 16 - 17 5 500 мл суық су қосыңыз
Аралас жүгері
(күріш + дән)
250 900 17 - 18 5 400 мл суық су қосыңыз
Макарон 250 900 10 - 11 5
1000 мл ыстық су
қосыңыз
ҚЫЗДЫРУ
Микротолқынды пеш тағамды әдеттегі конвекция пешінде жұмсалатын уақыттың аз
мөлшерін ғана пайдаланып тағамды лезде қыздырады
Орналастыру және бетін жабу
Еттің үлкен кесегі тәрізді үлкен тағамдарды қыздырмаңыз, себебі олардың ішкі жағы
піскенше сырты қатты пісіп, кебірсіп қалуы мүмкін Тағамның кішкене кесектерін пісірген
кезде нәтижесі барынша жақсы болады Тағамның бетін жауып қыздырсаңыз, кеуіп
кетуіне жол бермейсіз
Қуат деңгейлері
Тағамды қыздыру үшін әр түрлі қуат деңгейлерін қолдануға болады
Жалпы алғанда, көп мөлшердегі баппен пісірілетін тағам немесе жылдам қызатын бәліш
тәрізді тағамдар үшін төмендеу қуат деңгейін қолданыңыз
Араластыру
Жақсылап араластырыңыз немесе қыздырып жатқан кезде аударыңыз Мүмкін
болса, үстелге қоярдың алдында тағы да араластырыңыз Әсіресе сұйық тағамдарды
араластырып қыздырған өте маңызды
Қыздыру және қоя тұру уақыттары
Тағамды алғаш рет қыздырғанда, сол уақытты бұдан кейін қажет кезде қарап жүру үшін
жазып қойған дұрыс Қатты қыздырып жібермеңіз Егер нақты білмесеңіз, пісіру уақытын
азырақ етіп алыңыз Содан кейін, қажет болса қосымша қыздыру уақытын қосуға болады
Қыздырылған тағамның әрқашан ыстық буы бұрқырап тұрғанына көз жеткізіңіз Тағамды
қыздырып болғаннан кейін, тағам бойындағы температура біркелкі таралу үшін біраз
уақыт қоя тұрыңыз Қыздырып болғаннан кейін 2-4 минут қоя тұруды ұсынамыз
FQ315S002-BWT-03209N-02_KZ.indd 39 10/09/2012 14:31:29

Содержание