Philips HD9150/00 [64/168] Қазақша

Philips HD9150/00 [64/168] Қазақша
64

Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін, өнімді www.philips.com/welcome
веб-торабында тіркеңіз.

1 Басқару панелі
- a «Су ыдысы бос» шамы
- b Таймер көрсеткіші
- c «Жылылықты сақтау» шамы
- d Жарық дөңгелегі бар таймерді реттеу тұтқасы
- e Бастау/тоқтату және кідірту түймесі
2 Су ыдысы бар негізгі бөлік
3 Тамшы науасы
4 Арома демдегіш
5 Кішкентай бу себеті (1)
6 Орташа бу себеті (2)
7 Үлкен бу себеті (3)
8 Қақпақ
9 Бу тесігі
10 Қақпақ тұтқасы
11 Алынбалы ыдыс түбі
12 Суды қайта толтыру шүмегі
13 Сымды сақтайтын орын
Көрсетілмеген: сорпа тостағаны (тек белгілі бір түрлерде)
Ескертпе Бу себеттері 1-ден 3-ке дейін нөмірленген. Бу себеттерінің нөмірлерін олардың
тұтқаларынан табасыз. Үлкенірек себетті кішірек себеттің үстіне қоюыңызға болады, бірақ
логикалық үлкею ретімен қойсаңыз себеттер жақсы сәйкес келеді: ең кіші себет (1) бірінші,
одан кейін орташа себет (2), одан кейін үлкен себет (3).
Тек белгілі бір түрлер үшін ескертпе: Сорпа ыдысы үлкен себетпен (3) бірге қолдануға өте
ыңғайлы.
Ескертпе Тамшы науасын әрқашан бу себеттерінің астында пайдаланыңыз және бу себеттері
ғана тағаммен толтырылады.

Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта
анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.

- Негізгі бөлікті суға батыруға немесе оны ағынды сумен шаюға болмайды.

- Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріп алыңыз.
- Құралды тек жерге қосылған розеткаға жалғаңыз. Штепсельдік ұштың розеткаға дұрыс
жалғанғанын әрдайым тексеріңіз.
- Бұл құрылғы сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару жүйесімен басқаруға
арналмаған.
- Штепсельдік ұшы, қуат сымы немесе өзі зақымданған болса, құралды қолданбаңыз.


Содержание