Vitek VT-1430 — қондырма блендер мен блендер тостағанын пайдалану жөніндегі нұсқаулық [22/40]

Vitek VT-1430 [22/40] Қазақша
22
ҚазаҚша
ҚОНДЫРМА-БЛЕНДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
Қондырма блендермен үздіксіз максималды
жұмыс істеу ұзақтығы 30 секундтан
аспауға тиіс.
Миксерді қайтадан іске қосу 5-10 минуттан
соң жүзеге асады.
Қондырма-блендерді (14) жеміс езбесін,
балалар тағамын, тұздықтарды, майонез дайын-
дауға, түрлі ингредиенттерді араластыруға,
коктейльдерді дайындауға, сұйықтығы
жеткілікті жемістер мен көкөністерді өңдеуге
қолданыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қондырманы (14) орнату алдында
желі баусымының ашасы электр розеткаға
салынбағанына көз жеткзіңіз.
Блендер-қондырманы орнату орнының
қақпағын (7) ашыңыз, блендер-
қондырманы (14) салыңыз және
оны сағат тілі бағыты бойынша
тірелгенге дейін бұраңыз «
»,
блендер-қондырманы (14) берік бекітілген-
дігіне көз жеткізіңіз.
Желі баусымның ашасын электр
розеткасыны тығыңыз.
Блендер-қондырманы (14) ұсақтағыңыз/
араластырғыңыз келетін өнімдер салынған
сыйымдылыққа салыңыз.
Ескертпе: Сіз өнімдерді өлшейтін стаканға
(15) сала аласыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Өнімдерді өңдегенде құрылғыны тік
күйінде ұстаңыз.
Миксерді басу арқылы және импульстік
жұмыс режимі батырмасын «Р» басып тұру
арқылы іске қосыңыз.
Ескертпе:
Өнімдер сыйымдылыққа құрылғы іске
қосылғанға дейін салынады. Өңделетін
өнімдердің көлемі өңдеу жүргізетін
сыйымдылық көлемінің 2/3 мөлшерінен
артық болмау керек.
ұсақтау/араластыру процесін бастау
алдында, жемістердің қабығын аршу,
сүйектер сияқты желінбейтін бөліктерді
жою, жемістерді үлкендігі 2х2 см
текшелере турау ұсынылады.
Құрылғыны пайдалану аяқталғаннан
кейін желі баусымының ашасын электр
розеткасынан ажыратыңыз.
Қондырманы (14) сағат тіліне қарсы “
бұрыңыз және шешіп алыңыз.
Блендер-қондырманы(14) орнату орнының
қақпағын (7) жабыңыз, ол үшін қақпақты
белгіге қарай «
» жылжытыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Жұмыс істеп тұрған кезде блендер-
қондырғыны (14) шешуге тыйым салынады.
Жүзін зақымдамау үшін мүлдем қатты
өнімдерді, яғни жарма, күріш, дәмдеуіштер,
кофе, ірімшіктің қатты сұрыптары,
мұздатылған өнімдер және тағы
басқаларды өңдемеңіз.
Қондырма–блендермен (14) жұмыс істеу
кезінде өнімдерді ұсақтауда қиындық
туындаса, мүмкіндігіне қарай аз мөлшерде
су, қайнатпа немесе шырын құюға болады.
БЛЕНДЕР ТОСТАҒАНЫН ПАЙДАЛАНУ
Блендер тостағанын пайдаланудағы үзілі-
ссіз жұмыстың максималды ұзақтығы
1 минуттан аспауға тиіс. Миксерді қайта-
дан қосуды 10-20 минуттан соң жүзеге
асырыңыз.
Блендер өнімдерді ұсақтауға, түрлі ингредиен-
ттерді араластыруға және коктейиль әзірлеуге
арналған.
Миксерді тігінен тегіс, құрғақ және тұрақты
бетке орнатыңыз.
Қорғаныс қақпақты (3) сағат тіліне қарсы
бұрап, шешіп алыңыз;
Пышақтар блогіндегі (13а) белгіні «▼»
миксер корпусындағы «▲» белгімен
сәйкестендіріңіз блендер тостағанын
(13) сағат тілі бойынша тірелгенге дейін
бұраңыз.
Блендер тостағанының (13) қақпағын шешіп
алыңыз және қажетті ингредиенттерді
тостағанға (13) салыңыз.
Блендер тостағанын (13) қақпақпен
жабыңыз.
Ескертпе:
Ұсақтау/араластыру процесін бастау
алдында, жемістердің қабығын аршу,
сүйектер сияқты желінбейтін бөліктерді
жою, жемістерді үлкендігі 2х2 см
текшелере турау ұсынылады.
Блендер жұмыртқаны көпіршітуге,
картоп пюресін әзірлеуге, қамыр илеуге,
жемістер мен көкөністерден шырынды
сығуға, қатты немесе мұздатылған
тағамды ұсақтауға, ет және ет өнімдерін
ұсақтауға арналмаған.
IM VT-1430.indd 22 24.08.2018 14:12:17

Қондырма блендер мен блендер тостағанын тиімді пайдалану үшін нұсқаулық. Жұмыс режимдері, қауіпсіздік ережелері және өнімдерді өңдеу туралы ақпарат.

Скачать