Philips FC8778/01 [43/57] Қондырма станцияны орнату

Philips FC8778/01 [43/57] Қондырма станцияны орнату
2 Бүйірлік щеткаларды робот түбіндегі біліктерге салыңыз.
Ескертпе: Бүйірлік щеткаларды тиісінше бекітіңіз. Олар сырт етіп орнына
түскенше, оларды білікке қарай басыңыз.
Пайдалануға дайындау
Қондырма станцияны орнату
1
2
1 Адаптердің шағын тығынын қондырма станциядағы розеткаға (1) салып,
адаптерді қабырға розеткасына (2) қосыңыз.
2 Қондырма станцияны қабырға жанында көлденең, тегіс еденге қойыңыз.
100cm
30cm
80
cm
Ескертпе: Кедергілер жоқ екенін немесе қондырма станцияның алдында
80 см, оң жағында 30 см және сол жағында 100 см биіктік
айырмашылықтары жоқ екенін тексеріңіз.
Маңызды ескертпе: терең ұйқы режимі
Терең ұйқы режимінде түйме басылған кезде робот жауап бермейді. Робот
терең ұйқы режимінде болған кезде қайта белсендіру үшін:
1 sec.
3 sec.
1 Роботты терең ұйқы режимінен күту режиміне ауыстыру үшін, роботтағы
іске қосу/тоқтату түймесін бір секундқа басыңыз.
2 Роботтағы іске қосу/тоқтату түймесін қысқа уақытқа басыңыз немесе
тазалауды бастау үшін қолданбадағы іске қосу түймесін басыңыз.
3 Егер робот тазалауды бастамаса, қайта зарядталатын батареяны қайта
зарядтау үшін оны тығылған қондырма станциясына қойыңыз.
45
Қазақша

Содержание

Скачать