Philips FC8778/01 [53/57] Қазақша

Philips FC8778/01 [53/57] Қазақша
2 Жаңа бүйірлік щеткаларды біліктерге итеріңіз.
Қайта зарядталатын батареяны ауыстыру
Роботтың қайта зарядталатын батареясын тек білікті қызмет инженерлері
ауыстыруы мүмкін. Енді қайта зарядтау мүмкін болмағанда немесе қуаты
жылдам таусыла бастағанда батареясын ауыстыру үшін роботты өкілетті
Philips қызмет орталығына апарыңыз. Байланыс мәліметтерін халықаралық
кепілдік парақшасынан еліңіздегі Philips тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығынан таба аласыз немесе www.philips.com/support веб-сайтына
өтіңіз.
Кепілдік және қолдау көрсету
Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса, www.philips.com/support
сайтына кіріңіз немесе халықаралық кепілдік парақшасын оқыңыз.
Робот шаңсорғыш ең көп мүмкін қамқорлықпен жасалған және жобаланған.
Құрал жөндеуді қажет еткен жағдайда, еліңіздегі тұтынушыларға қызмет
көрсету орталығы мүмкіндігінше қысқа мерзімде және ең жоғары
ыңғайлылықпен қажет жөндеуді ұйымдастырып, сізге көмектеседі. Егер
еліңізде тұтынушыларға қолдау көрсету орталығы болмаса, онда жергілікті
Philips компаниясының дилеріне барыңыз.
Өңдеу
-
Бұл таңба осы өнімді қалыпты тұрмыстық қалдықпен бірге тастауға
болмайтынын білдіреді (2012/19/EU).
-
Бұл белгі осы өнімде күнделікті үй қоқыстарымен бірге тастауға
болмайтын кірістірілген қайта зарядталатын батарея бар екенін білдіреді
(2006/66/EC). Зарядталатын батареяны кәсіби түрде алу үшін, өнімді
ресми жинау орнына немесе Philips қызмет көрсету орталығына
апарыңыз.
-
Электрондық және электр өнімдері мен қайта зарядталатын
батареяларды бөлек жинау бойынша жергілікті ережелерді орындаңыз.
Дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсерін
тигізбеуге көмектеседі.
55
Қазақша

Содержание

Скачать