Bosch GAL 1880 CV [74/117] Қызмет көрсету және тазалау

Bosch GAL 1880 CV [74/117] Қызмет көрсету және тазалау
74 | Қазақ
36 В аккумуляторлардың индикаторлары
Зарядтау процесінің барысында аккумуллятордың үш
жасыл түсті заряд деңгейінің индикаторы (5) дәйекті
түрде жанып, қысқа уақытта өшеді. Үш жасыл түсті
индикатор үздіксіз жанса, бұл аккумулятордың толық
зарядталғанын білдіреді. Аккумулятор толық
зарядталғаннан кейін шамамен 5 минут ішінде үш жасыл
түсті индикатор өшеді.
Егер аккумуляторды зарядтағыш құрылғыға салған кезде
аккумуляторда қызыл түсті температураны бақылау
индикаторлары (6) жанса, бұл аккумулятор
температурасы зарядтау температурасының
диапазонынан тыс болғанын білдіреді ("Техникалық
мәліметтер" бөлімін қараңыз). Аккумулятор рұқсат
етілген температура диапазонына жеткеннен кейін ғана
зарядталады.
Ақаулар - Себептері және шешімдері
Себебі Шешімі
Қызыл түсті аккумуляторды зарядтау жарық диоды
(3)жыпылықтайды
Зарядтау мүмкін емес
Аккумулятор (дұрыс)
салынбаған
Аккумуляторды зарядтау
құрылғысына дұрыс
орнатыңыз
Аккумулятор ластанған Аккумулятор контактілерін
тазалау; мысалы,
аккумуляторды бірнеше
рет зарядтау науасына
салып - шығарыңыз, қажет
болса оны ауыстырыңыз
Аккумулятор бұзылған Аккумуляторды алмастыру
Аккумулятор зарядтау жарық диодтары(2) немесе
(3)жанбай жатыр
Зарядтау құралының
айыры (дұрыс) салынбаған
Айыр (толық) розеткаға
салыңыз
Розетка, желі кабелі
немесе зарядтау құралы
бұзылған
Желі қуатын тексеру,
зарядтау құралын керек
болса Bosch электр
құралдарының
авторизацияланған
клиенттерге қызмет
көрсету орталықтарында
тексеріңіз
Пайдалану нұсқаулары
Үздіксіз немесе көп реттік зарядтаулардан соң зарядтау
құралы қызып кетуі мүмкін. Бұл қауіпті емес және
зарядтау құралында техникалық ақау барын білдірмейді.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Аккумуляторды суыту (Active Air Cooling)
Зарядтау құралына орнатылған желдеткіш басқаруы
орнатылған аккумулятордың температурасын
бақылайды. Аккумулятор температурасы шам. 0 °C-тан
жоғары болса, онда аккумулятор желдеткіш арқылы
суытылады. Қосылған желдеткіш мұнда желдету
дыбысын шығарады.
Желдеткіш жұмыс істемесе, оның ақаулы немесе
аккумулятор температурасы <0 °C болғаны. Мұнда
зарядтау уақыты ұзақ болады.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық
тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош”
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша
Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
орталығы:
“Роберт Бош” (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 үй
“Гермес” БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау
пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті
ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
ала аласыз
1 609 92A 4Z5 | (08.05.2019) Bosch Power Tools

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения