LG TwinWASH TW351W Инструкция по эксплуатации онлайн [47/84] 431172

LG TwinWASH TW351W Инструкция по эксплуатации онлайн [47/84] 431172
5
KK
Қуат сымы зақымдалған немесе розетканың тесігі босап
қалған болса, қуат сымын пайдаланбаңыз және өкілетті қызмет
көрсету орталығымен байланысыңыз.
Бұл құрылғы есігінің толық ашылуына кедергі келтіретіндей
құлыпталатын, сырғымалы есіктің немесе құрылғыға қарама-
қарсы жағында ілмегі бар есіктің артына орнатылмауы тиіс.
Бұл кір жуу машинасы тұғырын 2009 жылдан кейін шығарылған,
сәйкес келетін LG алдыңғы жағынан жүктелетін машинасының
астына орнату керек.
Бұл аспап жерге тұйықталуы керек. Ақаулық не апаттық
жағдайында жерге тұйықтау электр тогы үшін ең аз қарсылық
желісін қамтамасыз ету арқылы электр тогының соғу қаупін
азайтады.
Бұл құрылғы жабдықты жерге тұйықтау өткізгішіне ие қуат
сымымен және жерге тұйықтау ашасымен жабдықталған. Қуат
ашасы барлық жергілікті кодтар мен реттеулерге сәйкес және
жерге тұйықталған тиісті розеткаға жалғануы керек.
Жабдықты жерге тұйықтау өткізгішін қате жалғау электр
тогының соғу қаупіне себеп болуы мүмкін. Құрылғының жерге
дұрыс тұйықталғанына сенімді болмасаңыз, білікті электрші
немесе қызмет көрсету қызметкерімен тексеріңіз.
Құрылғымен берілетін қуат ашасын өзгертпеңіз. Ол ашаға
сәйкес келмесе, білікті электршінің көмегімен тиісті розетканы
орнатыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать