LG TwinWASH TW351W [79/84] Қате хабарлары

LG TwinWASH TW351W [79/84] Қате хабарлары
37
KK
Қате хабарлары
Белгілер Себебі Шешімі
Тартпа дұрыс жабылмаған
Тартпаны жауып, циклді бастау
мақсатында Бастау/Тоқтату түймесін
басыңыз.
Тартпа жабық және тартпаны құлыптау
қате хабары көрсетілетін болса, қызмет
көрсету орталығына қоңырау шалыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған
Тартпаны ашып, ілмек аймағында
киім немесе басқа заттар қыстырылып
қалмағанын тексеріңіз.
Есікті, тартпаны жабыңыз да, циклді
қайта бастау үшін, Бастау/Тоқтату
түймесін басыңыз.
Есік жабық және есік қате хабары
көрсетілетін болса, қызмет көрсету
орталығына қоңырау шалыңыз.
Су беру шүмектері толық
ашылмаған.
Су беру шүмектерінің толық ашылғанын
тексеріңіз.
Су жолы шлангілері оралып,
қысылып немесе майысып
қалған.
Шлангілердің қатты қатайтылмағанын
немесе қысылып қалмағанын
тексеріңіз. Жуу және техникалық күтім
көрсету кезінде, кіру жуу машинасын
қозғалтқанда абайлаңыз.
Су беру сүзгілері бітеліп
қалған.
Кіріс сүзгілерін тазалаңыз.
Шүмекке немесе үйге су
беру қысымы тым төмен.
Үйдегі су қысымының жеткілікті екенін
және су ағынының шектелмегенін
тексеру үшін, үйдегі басқа шүмекті
тексеріңіз. Су беру шлангісін кір жуу
машинасынан ажыратып, су беру
жолдарын тазалау үшін, шланг арқылы
бірнеше литр суды ағызыңыз. Ағын тым
төмен болса, су жолдарын жөндеу үшін
сантехникпен байланысыңыз.
Су беру жолы ағуды шектеу
шлангілеріне жалғанған.
Ағуды шектеу үшін жасалған шлангілер
қате жұмыс істеп, кір жуу машинасына
суды толтырмауы мүмкін. Ағуды шектеу
шлангілерін пайдалану ұсынылмайды.
Төгу шлангісі бүгілген,
қысылған немесе бітелген.
Төгу шлангісінің бітелмегенін, оралып
қалмағанын және кір жуу машинасының
артында немесе астында қысылып
қалмағанын тексеріңіз.
Төгу саңылауы кір жуу
машинасының төменгі
жағынан 1,2 м-ден жоғары
орналасқан.
Төгуді реттеңіз немесе жөндеңіз. Ең
жоғары төгу биіктігі — 1,2 м.

Содержание

Похожие устройства

Скачать