LG TwinWASH TW351W [62/84] Есікті және тартпаны жабу

LG TwinWASH TW351W [62/84] Есікті және тартпаны жабу
20
KK
Есікті және тартпаны жабу
1
Кір жуу машинасының есігін сырт еткен
дыбыс естілмейінше итеріңіз.
2
Тартпаны толығымен жабылғанша итеріңіз.
ЕСКЕРТУ
Есік пен кір жуу машинасының арасында
қолдарыңызды қысып алмаңыз, жарақаттап
алуыңыз мүмкін.
Тартпаны немесе есікті күшпен ашу
бөліктерінің зақымдалуына және қауіпсіздік
тұрғысындағы ақаулықтарға әкелуі мүмкін.
Есік толығымен жабылмайынша, тартпаны
жабу есік әйнегін сырып кетуі мүмкін.
Есіктің алдыңғы жағынан жүктелетін кір
жуу машинасына тимеуі үшін, тартпаның
толығымен ашылуын қамтамасыз етіңіз.
ЕСКЕРТПЕ
Машинада тым көп кір болса немесе
есік толығымен жабылмаса, есіктің
құлыпталмауы мүмкін.
Құрылғы іске қосылып тұрса немесе Тартпа
құлпы ( ), индикатор көрсетіліп тұрса,
есіктің ашылмауы мүмкін. Есікті ашу үшін,
Тартпа құлпы ( ), индикатор көрсетіліп
тұрғанда, құрылғыны тоқтату мақсатында
Бастау/Тоқтату түймесін басып, есікті
ашыңыз. Тартпаны және есікті күшпен
ашпаңыз.
Дисплейде ( , , ) немесе ескерту
белгісі көрсетіліп тұрса, тартпаны және есікті
толығымен жабыңыз. Солай істеген соң,
Бастау/Тоқтату түймесін басыңыз.
Тартпаны толығымен ашу мүмкін болмаса,
екі қолыңызды да қолданып тартпаны
аздаған күшпен тартыңыз.
Өнім іске қосылып тұрғанда, қуат ақауы
орын алса, есікті ашу мүмкін емес. Қуатты
қайтадан қосыңыз немесе LG қызмет
орталығымен байланысыңыз. (қайнатып
жуу керек болғанда, кір жуу машинасының
ішіндегі температура жоғары болғандықтан,
қуат қайтадан берілген соң да, есікті ашу
мүмкін болмайды).
Жоғарғы температураға байланысты есікті
ашу мүмкін болмаса, есікті ашпас бұрын,
Шаю+Айналдыру бағдаралмасын қолданып
салқын суға шайып алыңыз немесе аздаған
уақыт күтіңіз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать