LG TwinWASH TW351W [61/84] Жуылатын нәрселерді сұрыптау

LG TwinWASH TW351W [61/84] Жуылатын нәрселерді сұрыптау
19
KK
Жуылатын нәрселерді
сұрыптау
1
Киімдердің күтім жасау белгісін қараңыз.
Бұл киім материалының құрамы және
оның қалай жуылуы керектігі туралы
ақпаратты береді.
Күтім жасау белгілеріндегі таңбалар.
Жуу температурасы
Машинадағы қалыпты жуу
Тұрақты қысым
Нәзік
Қолмен жуу
Жууға болмайды
2
Жуылатын нәрселерді сұрыптаңыз.
Ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін
киімдерді бірдей жуу циклінде жуылатын
жүктемелерге сұрыптаңыз.
Әр түрлі материалдар әр түрлі
температурада және айналым
жылдамдығында жуылуы керек.
Екі немесе одан да көп сүлгілерді не
тоқыма бұйымдарын бірге жуыңыз.
Егер бөлек жуылса, көп суды жұтатын
кір дұрыс жуылмауы мүмкін немесе
еңкейгендіктен, қалыпты емес айналып
кептіру пайда болуы мүмкін.
Қою түсті киімдерді бозғылт және ақ
киімдерден үнемі сұрыптап отырыңыз.
Бояуы және талшықтары шығып, бұл
ақ және бозғылт түсті киімдердің түсі
өзгеруіне әкелетіндіктен, бөлек жуыңыз.
Егер мүмкін болса, қою боялған киімдерді
азырақ боялған киімдермен қосып
жумаңыз.
Лас (қатты, орташа, жеңіл):
Киімдерді кірленуіне қарай бөліңіз.
Түс (ақ, ашық, қою):
Ақ түсті материалдарды түсті
материалдардан бөліңіз.
Талшық (талшық шығарушылар,
жинаушылар):
Талшық шығарушылар мен
жинаушыларды бөлек жуыңыз.
3
Жүктеу алдындағы күтім.
Әйелдердің ішкі киіміндегі сымы бар
затты (мысалы, көкірекше) жумаңыз,
себебі оның басқа киімдерді немесе кір
жуу машинасын зақымдап, шу шығаруы
мүмкін.
Бос екеніне көз жеткізу үшін барлық
қалталарды тексеріңіз. Тырнақ, шаш
қыстырғыш, сіріңке, қалам, тиын және
кілт сияқты нәрселер кір жуу машинасын
да, киімдерді де зақымдауы мүмкін.
Басқа киімдерге ілікпеуі үшін
сыдырмаларды, ілгектерді салып,
бауларды байлаңыз.
Ластың шығарылуын жеңілдету үшін
жуғыш құрал ерітілген аздаған сумен
дақтың үстінен щеткамен тазалау арқылы
лас пен дақтарды алдын ала өңдеңіз.
Киім бөлігінде оған тіркелген ұзын бау
болатын болса, оны оралып қалмайтын
етіп реттеңіз немесе кір жууға арналған
торлы қалтаға салыңыз.
Диван көпшіктерінің, жастықтардың
немесе көрпешелердің ішін алып
тастап, тек қабын ғана жуыңыз. Ішінің
ақтарылып, басқа кірлерді зақымдауы
мүмкін. Пластикалық бөліктері қалыпсыз
дірілдеуді туғызуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Кірдің суға толығымен батып тұруы үшін,
үлкен көлемдегі кірлерді бөліп алыңыз.
Жуылып жатқанда кір ұлғаятын болса, оның
жуу немесе айналдыру кезінде кір киімге
және бөліктеріне зақым келтіруі мүмкін.

Содержание

Похожие устройства

Скачать