Hotpoint-Ariston MWHA 203 W [14/26] Микротолқынды пешті шкафтың ішіне қоюға болмайды

Hotpoint-Ariston MWHA 203 W [14/26] Микротолқынды пешті шкафтың ішіне қоюға болмайды


Техникалық дерек тақтасындағы кернеу үйіңіздегі
кернеуге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Пеш науасының бүйір қабырғасында орналасқан
микротолқындарға арналған кіріс каналдарының
қалқаншаларын алып тастамаңыз. Олар
микротолқынды пештің кіріс каналдарына май мен
тамақ қалдықтарының кіріп кетуіне жол бермейді.
Пешті және оның ішіне салынған ас үй құралдарын
ұстап тұра алатындай мықты, тегіс жерге қойыңыз.
Пайдаланып жатқанда мұқият болыңыз.
Пешті жылу көздерінен алшақ орналастырыңыз.
Ауа
айналымы жеткілікті болуы үшін, пештің
үстіңгі жағында кемінде 30 см
бос кеңістік
болуы қажет. Құрылғының астыңғы, жоғарғы жағында
және екі қапталынан ауа өтіп тұратындай кеңістік
қалғанына көз жеткізіңіз.
Микротолқынды пешті
шкафтың ішіне қоюға болмайды.
Микротолқынды пешті қабырғаға қарама-қарсы
қою керек.
Құрылғының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Пештің
есігі есік жақтауына нық жабылатынына көз жеткізіңіз.
Пештің ішін босатып, жұмсақ, дымқыл матамен
тазалаңыз.
Пештің электрлік сымы немесе ашасы зақымдалған
болса, пеш тиісті түрде жұмыс істемей тұрса немесе
зақымдалған не жерге құлап кеткен жағдайда, құрылғыны
пайдаланбаңыз. Электрлік сымды немесе ашаны суға
салмаңыз. Электрлік сымды ыстық заттардан алыс ұстаңыз.
Ток соғу, өрт шығуы немесе басқа да қауіп-қатерге себеп
болуы мүмкін.
Ұзартқышты пайдаланбаңыз: Егер қуат көзінің сымы
тым қысқа болса, құрылғының жанында розетка орнату
үшін, білікті электршіге немесе монтерге хабарласыңыз.
Бұл құрылғыны жерге тұйықтау КЕРЕК, әйтпесе ток
соғу қаупі туындауы мүмкін. Оны тиісті түрде
орнатылған жерге тұйықталған розеткаға немесе
сақтандырғышы бар жерге тұйықталған коммутациялық
қорапқа жалғау КЕРЕК. Жерге тұйықтау нұсқауларын дұрыс
түсінбесеңіз немесе микротолқынды пештің жерге дұрыс
тұйықталғанына күмәніңіз болса, білікті электрик маманға
немесе монтерге хабарласыңыз.

Пешті есігі нық жабылғанда ғана пайдалануға болады.
Егер пеш теледидарға, радиоға немесе антеннаға
жақын орналастырылса, теледидарлық қабылдау
нашарлап, радио кедергілері пайда болуы мүмкін.
Бұл құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
Бұл талаптарды орындамау себебінен туындаған
адамдардың, жануарлардың дене жарақаттарына
немесе заттардың зақымдалуына өндіруші жауап
бермейді.
Бұл талаптарды сақтамаудан пайда болатын кез
келген мәселе үшін өндірушілер жауапты емес.
  
   

Пештің ішінде немесе жанында ыстық немесе жанғыш
материалдарды пайдаланбаңыз. Газдар өрт немесе
жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
Пешті текстиль материалдарын, қағазды, тұздықтарды,
өсімдіктерді, ағашты, гүлдерді немесе басқа өртенгіш
материалдарды құрғату үшін пайдаланбаңыз. Ол
өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.
Егер пештің ішкі / сыртқы жағындағы
материал өртенсе немесе түтін шықса,
пештің есігін жауып, пешті өшіріңіз.
Қуат сымын ажыратыңыз немесе
сақтандырғыштағы қуатты немесе
автоматты ажыратқыш панелін өшіріңіз.
Тағамды шамадан тыс қыздырмаңыз. Ол өрттің
шығуына себеп болуы мүмкін.
Пешті әсіресе, тағам дайындау
барысында қағаз, пластик немесе
басқа да тұтанғыш материалдарды
пайдалансаңыз, қараусыз қалдырмаңыз.
Тағамды қыздыру кезінде, қағаз
күйіп немесе жанып кетуі, ал пластик
материалдар еріп кетуі мүмкін. Май
немесе сұйық майды көп мөлшерде
пайдаланған кезде, пешті қараусыз
қалдырмаңыз, себебі олар шамадан
тыс қызып кетіп, өрттің шығуына себеп
болуы мүмкін.
Бұл құрылғыда коррозиялық химиялық заттарды
немесе буларды пайдаланбаңыз. Пештің бұл түрі
тек тағамды ысытуға немесе тамақ дайындауға
арналған. Ол өндірістік және зертханалық қолданысқа
арналмаған.
Пештің есігіне ауыр заттар ілмеңіз немесе есіктің
үстіне қоймаңыз, себебі олар есікті немесе есіктің
kz
1414
hotpoint.co.eu

Содержание

Похожие устройства

Скачать