Hotpoint-Ariston MWHA 203 W [17/26] Егер электрлік сымды ауыстыру қажет болса оны қызмет көрсету ұйымымызда қолжетімді түпнұсқа электрлік сыммен ауыстыру қажет электрлік сымды тек қызмет көрсету ортал...

Hotpoint-Ariston MWHA 203 W [17/26] Егер электрлік сымды ауыстыру қажет болса оны қызмет көрсету ұйымымызда қолжетімді түпнұсқа электрлік сыммен ауыстыру қажет электрлік сымды тек қызмет көрсету орталығының білікті маманы ауыстыру керек
сол сияқты т.б. құралдарды пайдаланбаңыз.
Жұмсақ жуғыш құрал жағылған матаны
немесе әйнек тазалауға арналған спрей
шашылған қағаз шүберекті пайдаланыңыз.
Спрей әйнек тазалағышын қағаз сүлгіге
себіңіз.
Тікелей пешке шашпаңыз.
Жүйелі аралықтарда, әсіресе шашырандылар
пайда болған жағдайда, айналмалы
платформаны, айналмалы платформа тірегін
алып, пештің негізгі бөліктерін жүйелі түрде
тазалап сүртіңіз.
Бұл пеш айналмалы платформасы орнатылған күйде
жұмыс істеуге арналған.
Айналмалы платформаны тазалау мақсатында шығарып
тастағанда, микротолқынды пешті пайдаланбаңыз.
Пештің
ішкі беттерін, есіктің алдыңғы және артқы жақтарын
және есіктің өзін тазалау үшін, жұмсақ жуғыш құрал
жағылған жұмсақ әрі дымқыл шүберекті пайдаланыңыз.
Есіктің айналасына май немесе тамақ қалдықтарының
жиналып қалуына жол бермеңіз.
Қиын кетпейтін дақтар үшін, бір стакан суды 2 немесе 3
минут пештің ішінде қайнатыңыз. Бу барлық дақтарды
жұмсартады.
Бір стақан суға кішкене лимон шырынын қосып, айналмалы
платформаға қойып, бірнеше минут қайнатса, пештің
ішіндегі иісті кетіруге болады.
Микротолқынды пешіңізді тазалаған кезде, бумен
тазалайтын құрылғыларды пайдаланбаңыз.
Пешті жүйелі түрде тазалап, тамақ
қалдықтарын алып тастау керек.
Астындағы торды жүйелі түрде тазалау қажет. Бұл жұмсақ
және дымқыл матамен және сұйық жуғыш құралдың
көмегімен орындалуы қажет.
ЫДЫС жуу МаШинаСЫна ҚаТЫСТЫ ҚауіПСіЗДіК:
Айналмалы платформа тірегі • Тор
• Әйнектен жасалған айналмалы платформа
аҚаулЫҚТарДЫ жоЮ нҰСҚаулЫҒЫ
Егер пеш жұмыс жасамаса, төменде көрсетілген тексеру
жұмыстарын орындамайынша, қызмет көрсету орталығына
хабарласпаңыз:
Айналмалы платформа мен айналмалы платформа
тірегі орнында.
Аша қабырға розеткасына тиісті түрде енгізілген.
Есік тиісті түрде жабылған.
Сақтандырғыштарды тексеріңіз және қуаттың бар
екендігіне көз жеткізіңіз.
Пеш жеткілікті түрде желдетілетінін тексеріңіз.
10 минут күтіңіз, содан кейін пешті тағы бір рет қосып
көріңіз.
Әрекетті қайталамас бұрын, есікті ашып, қайта
жабыңыз.
Бұл әрекеттер ақылы
болып табылатын қажетсіз
қоңыраулардың алдын алады. Қызмет көрсету орталығына
қоңырау шалған кезде, пештің сериялық нөмірі мен түрінің
нөмірін беріңіз (Қызмет жапсырмасын қараңыз). Қосымша
кеңес алу үшін, кепілдік талонын қараңыз.
Егер электрлік сымды ауыстыру қажет
болса, оны қызмет көрсету ұйымымызда
қолжетімді түпнұсқа электрлік сыммен
ауыстыру қажет. Электрлік сымды тек қызмет
көрсету орталығының білікті маманы
ауыстыру керек.
Қызмет көрсету жұмыстары тек қызмет көрсету
орталығының білікті маманы арқылы орындалады.
Кез келген қызмет көрсету немесе жөндеу жұмысын қызмет
көрсету орталығының білікті маманынан басқа біреудің
орындауы қауіпті, себебі оған микротолқын энергиясының
әсерінен қорғаныс беретін кез келген жабынды алып тастау
жұмысы кіреді. Ешқандай жабынды алмаңыз.
kz
1717
hotpoint.co.eu

Содержание

Похожие устройства

Скачать