Hotpoint-Ariston MWHA 203 W [15/26] Қашықтан басқару жүйесі арқылы басқаруға арналмаған

Hotpoint-Ariston MWHA 203 W [15/26] Қашықтан басқару жүйесі арқылы басқаруға арналмаған
топсаларын зақымдауы мүмкін. Есіктің тұтқасына да
ештеңе ілуге болмайды.
Микротолқынды пеш тағам мен
сусындарды жылытуға арналған.
Тағам не киімді құрғату және жылыту
жастықшаларын, шәрке, ысқыштарды,
ылғалды мата мен соған ұқсас заттарды
жылыту жарақат алу, тұтану немесе өрт
шығу қаупін тудыруы мүмкін.
Бұл құрылғыны 8 жасқа толған
балаларға және физикалық, сезу
мүмкіндігі шектеулі немесе ақыл-ой
қабілеті төмен не тәжірибесі мен білімі
аз адамдарға құрылғыны қауіпсіз түрде
пайдалану туралы нұсқаулар мен
оны пайдаланудағы қауіп-қатерлер
түсіндірілген жағдайда ғана қолдануға
болады. Балалардың құрылғымен
ойнауына жол бермеңіз. Балалар 8 жасқа
толмаса және үлкендер тарапынан
қадағаланып тұрмаса, тазалау және
техникалық қызмет көрсету жұмыстарын
жүзеге асырмауы қажет. Құрылғы мен
оның электрлік сымына 8 жасқа толмаған
балаларды жақындатпаңыз.
Физикалық, сезу мүмкіндіктері шектеулі
немесе ақыл-ой қабілеті төмен не
тәжірибесі мен білімі аз адамдардың
қауіпсіздігіне жауап беретін адам
қадағаламаса немесе құрылғыны
пайдалану туралы нұсқаулар берілмесе,
олардың құрылғыны пайдалануына жол
берілмейді.
Балалар құрылғымен ойнамайтындай
үлкендер тарапынан қадағалануы қажет.
Микротолқынды пешті ауа өткізбейтіндей
жабылған контейнердегі затты қыздыру
үшін пайдаланбаңыз. Қысым деңгейі
жоғарылап, ашқан кезде зақым келтіруі
немесе жарылуы мүмкін.
Есіктің тығыздауыш резеңкелері мен
оның айналасында зақым белгілерінің
бар-жоғын жүйелі түрде тексеріп тұру
қажет. Егер ол жер зақымдалған болса,
қызмет көрсету орталығының білікті
маманы жөндемейінше, құрылғыны
пайдалануға болмайды.
Құрылғылар сыртқы таймер неме-
се бөлек
қашықтан басқару
жүйесі арқылы басқаруға
арналмаған.
Микротолқынды пешті қабығы бар
немесе қабықсыз жұмыртқаны пісіру
немесе жылыту үшін пайдаланбаңыз,
себебі ол микротолқынды жылыту
аяқталғаннан кейін де жарылуы мүмкін.
СаҚТЫҚ ШараларЫ
жалПЫ
Бұл құрылғы тек үй жағдайында қолдануға
арналған!
Микротолқындарды пайдаланған кезде, пештің
ішіне тағам салмай қосуға болмайды. Ол құрылғыны
зақымдауы мүмкін.
Пештегі вентиляциялық саңылаулар жабық тұрмауы
қажет. Ауа кіретін немесе шығатын саңылауларды
бекіту нәтижесінде пеш зақымдалып, дұрыс ысытпауы
мүмкін.
Пешті пайдалану әдісін үйреніп жатсаңыз, ішіне бір
стақан су қойыңыз. Су микротолқынды қуатты өзіне
сіңіріп алады және пеш зақымдалмайды.
Құрылғыны далаға қоймаңыз немесе далада
пайдаланбаңыз.
Өнімді ас үйдің шұңғылшасының, дымқыл жердің
немесе бассейннің тағы сол сияқты ылғалдығы
жоғары жерде пайдаланбаңыз.
Пеш науасын заттарды сақтау мақсатында
пайдаланбаңыз.
Қағаз немесе пластик дорбаны пешке салған кезде,
дорбаның бауын алып тастаңыз.
kz
1515
hotpoint.co.eu

Содержание

Похожие устройства

Скачать