Samsung WD80K52E0AX [135/192] Орнатуға қатысты қатаң ескертулер

Samsung WD80K52E0AX [135/192] Орнатуға қатысты қатаң ескертулер
Қазақша 7
Қауіпсіздік шаралары
Орнатуға қатысты қатаң ескертулер
ЕСКЕРТУ
Бұл құрылғыны білікті техник немесе қызмет көрсету орталығы орнатуға тиіс.
Бұл нұсқау орындалмаған жағдайда, электр, өрт, жарылыс қатері орын алуы, өнімге нұқсан
келуі не адам жарақат алуы мүмкін.
Бұл ауыр құрылғы, сондықтан көтерген кезде абайлаңыз.
Қорек сымын 220 - 240 В / 50 Гц не бұдан қуатты розеткаға жалғаңыз және розетканы тек осы
құрылғы үшін қолданыңыз. Ұзартқыш сымды ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
Розеткаға ұзартқышты немесе көп-салалы қосқышты пайдаланып басқа құрылғыларды
қоссаңыз, электр қатері не өрт шығуы мүмкін.
Желі кернеуінің, жиілік пен ток мәндерінің, құрылғының техникалық параметрлеріне сай
келетінін тексеріңіз. Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы
мүмкін. Ашаны розеткаға мықтап сұғыңыз.
Құрылғының ашасы қосылатын ағытпалар мен контакттарын, шаң немесе су тәрізді басқа
заттардан құрғақ шүберекті қолданып мезгіл-мезгіл тазалап отырыңыз.
Ашаны розеткадан суырып, құрғақ шүберекпен тазалаңыз.
Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Ашаны қабырғадағы розеткаға, сымын еденді бойлата төсеп қосыңыз.
Егер ашаны розеткаға кері бағытта сұқсаңыз, қорек кабелінің ішіндегі сымдар бүлініп,
нәтижесінде электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Орам материалдарының барлығын балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз, себебі қауіпті
болуы мүмкін.
Егер бала қалтаны басына киіп алса, тұншығып қалуы мүмкін.
Құрылғыға немесе қорек сымына зақым келсе, жақындағы қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Бұл құрылғыны жерге дұрыс қосу керек.
Құрылғыны газ құбырына, пластик құбырға немесе телефон сымына тұйықтамаңыз.
Электр қатері орын алуы, өрт, жарылыс шығуы немесе құрылғыда ақау пайда болуы
мүмкін.
Құрылғының қуат сымын ешқашан жерге дұрыс қосылмаған розеткаға жалғамаңыз және ол
жергілікті және мемлекеттік стандарттарға сай болуы керек.
Бұл құрылғыны қыздырғыштың немесе жанғыш заттардың қасына орнатпаңыз.
Бұл құрылғыны ылғалды, майлы немесе шаңды жерге немесе күннің жарығы тура түсетін
немесе су (жаңбыр тамшылары) жерге орнатпаңыз.
Бұл құрылғыны төмен температуралы жерге орнатпаңыз.
Аяз түтіктерді жарып жіберуі мүмкін.
WD80K52E0AW_04057B-00_KK.indd 7 2019/5/14 16:09:13

Содержание

Похожие устройства