Samsung WD80K52E0AX [178/192] Ақаулықты түзету

Samsung WD80K52E0AX [178/192] Ақаулықты түзету
50 Қазақша
Ақаулықты түзету
Ақаулықты түзету
Бақылау тексеру пункттері
Егер кір жуғыш машинаға қатысты мәселе пайда болса, әуелі келесі кестені қарап,
ұсыныстарды қолданып көріңіз.
Ақаулық Әрекет
Іске қосылмайды.
Кір жуғыш машина қуат көзіне қосылғанына көз жеткізіңіз.
Есіктің дұрыс жабылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Су шүмектерінің ашық екенін тексеріңіз.
Кір жуғыш машинаны іске қосу үшін Бастау/Кідірту түймесін
басқаныңызға не түрткеніңізге көз жеткізіңіз.
Бала қауіпсіздігінің құралы
сөндірулі екеніне көз жеткізіңіз.
Кір жуғыш машинаға су құйылар алдында бірнеше рет сырт-
сырт еткен дыбыс естіледі де, есіктің бекітілгені тексеріледі,
содан кейін жылдам төгеді.
Сақтандырғышты тексеріңіз немесе айырып-қосқышты қайта
қалпына қойыңыз.
Су берілмейді немесе
жеткіліксіз түрде
беріледі.
Су шүмегін толық ашыңыз.
Есіктің дұрыс жабылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің мұздап қалмағанын тексеріңіз.
Су құятын түтіктің жаншылып немесе бітеліп қалмағанын
тексеріңіз.
Судың қысымының жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз.
Цикл аяқталғаннан
кейін мөлшерлеуіште
кір жуғыш құралы
қалды.
Кір жуғыш машинадағы су қысымының жеткілікті екеніне көз
жеткізіңіз.
Кір жуғыш заттың мөлшерлеуіштің ортасына салынғанына көз
жеткізіңіз.
Шаю қақпағының дұрыс салынғанына көз жеткізіңіз.
Егер түйіршіктелген жуғыш затты пайдалансаңыз, жуғыш зат
таңдағыштың үстіңгі жақта тұрғанына көз жеткізіңіз.
Шаю қақпағын алып, мөлшерлеуішті тазартыңыз.
WD80K52E0AW_04057B-00_KK.indd 50 2019/5/14 16:09:21

Содержание

Похожие устройства