Bosch POF 1400 ACE (060326C801) + набор 6 фрез [57/131] Фрезерлеу тереңдігін дәлдеп реттеу pof 1400 ace

Bosch POF 1400 ACE (060326C801) + набор 6 фрез [57/131] Фрезерлеу тереңдігін дәлдеп реттеу pof 1400 ace
Қазақ | 57
Қосу/өшіру
Қосу/өшіру алдында фрезерлеу тереңдігін белгілеңіз,
(қараңыз „Фрезерлеу тереңдігін реттеу (D суретін
қараңыз)“, Бет57) бөлімін қараңыз.
Электр құралын іске қосу үшін алдымен іске қосылу
құлпын (1) басып, содан кейін ажыратқышты (22) басып
тұрыңыз.
POF 1400 ACE: шам фрезерлеу аймағын
жарықтандырады.
Өшіру үшін ажыратқышты (22) жіберіңіз.
POF 1400 ACE: шам баяу сөнеді.
Нұсқау: қауіпсіздік тұрғысынан ажыратқышты (22)
бекітіп қоюға болмайды, оны жұмыс істеу кезінде тұрақты
түрде басып тұру қажет.
Тұрақты электроника (POF1400ACE)
Тұрақты электроника бос жүріс күйінде және жүктеме
кезінде айналу жиілігін тұрақты дерлік деңгейде сақтайды
және жұмыстың біркелкі өнімділігін қамтамасыз етеді.
Фрезерлеу тереңдігін реттеу (D суретін
қараңыз)
Фрезерлеу тереңдігін орнату жұмысын тек электр
құралының өшірулі күйінде орындау керек.
Фрезерлеу тереңдігін жобалы реттеу келесідей
орындалады:
Фрезасы орнатылған электр құралын өңделетін
дайындамаға қойыңыз.
POF 1400 ACE: айналмалы реттегіштің (18) көмегімен
дәл реттеу жүрісін ортаға бекітіңіз. Ол үшін айналмалы
реттегішті (18) суретте көрсетілгендей (19)
белгілеріне дейін суретте көрсетілгендей бұраңыз.
Сонан соң шкаланы (17) 0 күйіне бұраңыз.
(19)
Сатылы тіректі (9) ең төменгі деңгейге орнатыңыз;
сатылы тірек шерту дыбысымен тіреледі.
POF 1200 AE: сатылы тіректің реттегіш
бұрандаларын(24) жартыға дейін бұрап кіргізіңіз
немесе шығарыңыз.
Тереңдік шектегішінің қатпарлы бұрандасын (11)
тереңдік шектегіші (13) еркін жылжитындай етіп
босатыңыз.
Фрезерлеу тереңдігі бекіткішінің қысқыш иінтірегін
(16) айналу бағытымен басып, жоғарғы фрезаны
фреза (21) дайындама бетіне тигенше төмен қарай
бағыттаңыз. Фрезерлеу тереңдігі бекіткішінің қысқыш
иінтірегін (16) қайта жіберіп, осы батыру тереңдігін
бекітіңіз. Қажет болса, фрезерлеу тереңдігі
бекіткішінің қысқыш иінтірегін (16) айналу
бағытымен басып, ақырғы күйіне бекітіңіз.
Тереңдік шектегішін (13) сатылы тіректе (9) тұрғанша
төмен қарай басыңыз. Көрсеткіш белгісі бар
жапқышты (12) фрезерлеу тереңдігінің шкаласындағы
(14) 0 күйіне орнатыңыз.
Тереңдік шектегішін (13) қажетті фрезерлеу
тереңдігіне орнатыңыз және тереңдік шектегішіндегі
қатпарлы бұранданы (11) тартыңыз. Көрсеткіш белгісі
бар жапқыштың (12) енді жылжымайтындығына көз
жеткізіңіз.
Фрезерлеу тереңдігі бекіткішінің қысқыш иінтірегін
(16) айналу бағытымен басып, жоғарғы фрезаны ең
жоғарғы күйіне апарыңыз.
Тереңірек фрезерлеу үшін әрқайсысының фрезерлеу
тереңдігін төменірек орнатып, бірнеше рет орындап өту
керек. Сатылы тіректің (9) көмегімен фрезерлеу
процесін бірнеше сатыға бөлуге болады. Ол үшін
фрезерлеу тереңдігін сатылы тіректің ең төменгі
сатысымен орнатып, бірінші жұмыс берілістері үшін
жоғарырақ сатылар таңдаңыз.
POF 1200 AE: сатылар арасындағы қашықтықты реттегіш
бұрандаларды (24) бұрау арқылы өзгертуге болады.
Фрезерлеу тереңдігін дәлдеп реттеу (POF1400ACE)
Сынақ жүрістен кейін фрезерлеу тереңдігін айналмалы
реттегішті (18) бұрау арқылы қажетті өлшемге дәлдеп
реттеуге болады; фрезерлеу тереңдігін арттыру үшін
реттегішті сағат тілінің бағытымен, ал фрезерлеу
тереңдігін азайту үшін реттегішті сағат тілінің бағытына
қарсы бұраңыз. Шкала (17) бағдарлау үшін
пайдаланылады. Бір айналым қондырғының 2,0 мм
жүрісіне тең, шкаланың (17) жоғарғы жиегіндегі бір бөлік
қондырғының 0,1 мм жүрісіне тең. Максималды реттеу
жолы ±8мм құрайды.
Мысал: қажетті фрезерлеу тереңдігі 10,0 мм болуы
керек, сынақ фрезерлеу кезінде 9,6 мм тереңдігі
алынды.
Жоғарғы фрезаны көтеріп, мысалы, аз қалдық ағашты
сырғу тақтасының (7) астына фреза (21) төмен
түскенде дайындамаға тимейтіндей етіп қойыңыз.
Фрезерлеу тереңдігі бекіткішінің қысқыш иінтірегін
(16) айналу бағытымен басып, жоғарғы фрезаны
тереңдік шектегіші (13) сатылы тіректе (9) тұрғанша
баяу төмен қарай апарыңыз.
Шкаланы (17) 0 күйіне бұрап, қатпарлы бұранданы
(11) босатыңыз.
Айналмалы реттегішті (18) 0,4мм/4 сызыққа
(белгіленген мен нақты мәндердің айырмашылығы)
сағат тілінің бағытымен бұрап, қатпарлы бұранданы
(11) тартыңыз.
Орнатылған тереңдікті қайталап фрезерлеу арқылы
орнатылған тереңдікті тексеріңіз.
Фрезерлеу тереңдігін реттегеннен кейін жапқыштың (12)
күйін тереңдік шектегішінде (13) одан ары өзгертпеңіз,
сонда шкаладағы (14) ағымдағы фрезерлеу тереңдігін
оқу мүмкін болады.
Bosch Power Tools 1 609 92A 4N9 | (08.01.2019)

Содержание

Похожие устройства

Скачать