Polaris PMC 0574AD Инструкция по эксплуатации онлайн [58/66] 536948

Polaris PMC 0574AD Инструкция по эксплуатации онлайн [58/66] 536948
56
Бұқтыру
Әдепкі қалпы бойынша белгіленген уақыттың бастапқы мәні: 2 сағат.
Уақытты реттеу: 30 минуттан бастап 8 сағатқа дейін, минималды 30
минуттық ауыспалы қадаммен өзертіледі.
Температуралық мәні: 93ºС.
Ия
Жабық
Көже
Әдепкі қалпы бойынша белгіленген уақыттың бастапқы мәні: 1 сағат.
Уақытты реттеу: 1 сағаттан бастап 4 сағатқа дейін, минималды 10
минуттық ауыспалы қадаммен өзертіледі.
Температуралық мәні : 97ºС.
Ия
Жабық
Буда пісіру
Әдепкі қалпы бойынша белгіленген уақыттың бастапқы мәні: 5 минут.
Уақытты реттеу: 5 минуттан бастап 1 сағатқа дейін, минималды 1
минуттық ауыспалы қадаммен өзертіледі.
Температуралық мәні: 115-120ºС.
Ия
Жабық
Қуыру
Әдепкі қалпы бойынша белгіленген уақыттың бастапқы мәні: 30 минут.
Уақытты реттеу: 10 минуттан бастап 1 сағатқа дейін, минималды 5
минуттық ауыспалы қадаммен өзертіледі.
Әдепкі қалпы бойынша белгіленген температуралық бастапқы мәні:
160°С.
Температураны реттеу: 100°С-тан бастап 160°С-қа дейін, 10°С ауыспалы
қадаммен өзертіледі.
Ия
Ашық
* Температураны қолмен реттеу мүмкіндігі қарастырылған бағдарламаларда пайдаланушы қажетті температуралық көрсеткішті қолмен орнатады, өнімнің даярлығы, әзірлеу уақытысы мен температуралық
көрсеткішті дұрыс таңдау әрекетіне тікелей байланысты.
Автоматты бағдарламалардың температуралық реттеулері тек анықтама үшін берілген, әзірлеу үдерісі барысында оларды өзгерту пай даланушының қатысуынсыз автоматты түрде жүреді.
Сондай-ақ бағдарлама жұмысының түрлі кезеңдерінде (тостақтың ішіне салынған өнімге байланысты) нақты белгіленген болып табылатын температуралық көрсеткіш анықтамада келтірілген мәннен өзгеше болуы мүмкін.
Мысалы: егер тостақтың ішінде су болса және 115 ºC-қа тең температураны орнататын болсаңыз, көрсеткішті өлшеу барысында тостақтағы температуралық көрсеткіш 100 ºC-тан аспайды (судың қайнау нүктесі), сондай-ақ
тостақтағы су қарқынды түрде қайнайды. Орнатылған температура мен шынайы температуралық көрсеткіштің арасындағы айырмашылық құрылғының ақаулы екендігін білдірмейді.
Егер бағдарламада пісіру қарастырылса (сумен жұмыс жасаған жағдайда), су қайнап суалса немесе тостақтың ішінде су болмаса, ба ғдарлама автоматты түрде сөнеді, себебі тостақ түбінің температурасы бұл бағдарлама
үшін қарастырылған қауіпсіздік шегінің көрсеткішінен асып түседі. Судың болмауы жағдайында бағдарламаның сөну әрекеті қорғаныс жүйесінің қалыпты реакциясы болып табылады.
Өлшеу жұмысын жүргізу барысында келесілерді ескеру қажет:
Температураны өлшеу нүктесі құрылғының ішіне орнатылған тостақ түбінің орталығында орналасқан, өлшеу құрылғының қақпағы жабық күйінде бекітілген құрылғы (термопара термо электрлі өңдегіш)
көмегімен іске асады.
Көрсеткішті дұрыс түрде бағалау үшін өлшеу жұмысын бағдарламаның жүруі барысында өткізу қажет, өлшеуді әрбір 30 секунд сайын жүргізу керек.
Пайда болған көрсеткіштердің негізінде температуралық-уақыттық тәуелділіктің диаграммасы құрылады, айтарлықтай өзгермейтін максималды және минималды көрсеткіштердің барысында температурасы
кезеңдік түрде өзгеретін аймақ анықталады (термостат аймағы).
Анықтамада келтірілген температура көрсеткіші термостат аймағындағы өлшенген минималды және максималды көрсеткіштің аралығындағы мәнді қамтиды.
Өлшеу жұмысы кезінде автоматты бағдарламалардың ерекшеліктерін ескеру қажет:
Егер бағдарламада сұйықтықпен (сумен) жұмыс қарастырылса, өлшеу кезінде тостаққа 1 л. су құю қажет .
Егер бағдарламада су қажет етілмесе, өлшеуді бос тостақпен жүргізу қажет.
Егер тостақтың ішінде өнімдер болатын болса, өлшеу барысында шыққан көрсеткіштер анықтамадағы мәннен өзгеше болуы мүмкін, себебі өнімдердің құрамында түрлі сұйықтықтар (су) бар, бұл судың қайнауы барысында
оның көрсеткіші физиканың заңдылығы бойынша 100 ºC-тан аса алмайды.
Орнатылған көрсеткішке жақын көрсеткішті алу үшін қайнау температурасы анықтамада келтірілген көрсеткіштен асатын (мысалы, өсімдік майы), салмағы өнімнің салмағына тең сұйықтықты қолдану қажет.

Содержание