Polaris PMC 0574AD [61/66] Кез келген ақау бола тұра құрылғыны іске қосу сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан айырады

59
Құрылғыны тек қана ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~). Құрылғыны электр желіге қоспас бұрын, электр желідегі қолданылатын электрлік параметрлерін
тексеріңіз, бұл құрылғының техникалық сипаттамаларына сәйкес болғанына көз жеткізіңіз.
Кез келген ақау бола тұра құрылғыны іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан айырады.
Құрылғыны тек қана жерге тұйықталған желіге ғана қосуға қажет. Сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін жерлендіру бекітілген электр техникалық
нормаларға сәйкес келуі тиіс. Қоректендірудің стандартты емес көздерін немесе қосу құрылғыларын пайдалануға болмайды.
Құрылғыны бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құрылғыны сүйiр бұрыштарға соғылуынан сақтаңыз. Құрылғыны тазартпас бұрын, немесе оны
пайдаланып болғаннан кейін, сонымен құрылғы сынып қалса, оны әрдайым электрлік желіден ажыратыңыз.
Құрылғыны желілік баусымнан ұстап, желіден ажыратуға тиым салынады. Құрылғыны электр желіден ажыратқан кезінде оның штепсельді айыршасынан
ұстаңыз.
Құрылғының жиынтықтылығына кірмейтін қосымша аксессуарларды пайдалану Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан айырады.
Құрылғымен пайдаланып болған соң, оның электр қоректендіргіш баусымын құрылғыны айналдыра орауға болмайды, себебі, уақыт өте келе бұл баусымның
үзілуіне әкеп соғуы мүмкін. Қашанда сақтау үшін сымды жақсылап тарқатыңыз.
Құрылғыны өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Электр желілік баусымын жөндеу не ауыстыру жұмыстарын тек қызмет көрсету орталығының білікті
мамандары ғана жүзеге асыруы керек.
Құрылғыны жөндеу үшін тек қана түпнұсқалы қосалқы бөлшектерді пайдалануға қажет.
10. ӘМБЕБАП АС ӘЗІРЛЕГІШ ҚҰРЫЛҒЫМЕН ЖҰМЫС АТҚАРУ БАРЫСЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны пайдалану барысында оның айналасында жеткілікті түрдегі бос орынның болуын қамтамасыз етіңіз. Әмбебап ас әзірлегіш
құрылғы жиһаз, перде және басқа да, сол секілді өртенгіш нысандардан 15 см артық қашықтықта орналасуы қажет.
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны тікелей қабырға мен жиһазға жақын маңда орналастырмаңыз, себебі оның жұмысы барысында құралдан бу шығады, бұл
жиһаз заттарының, қабырғаның түсі мен түрінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін.
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғының жұмысы барысында оны сүлгімен немесе өзге заттармен жаппаңыз, бу еркін түрде шығуы қажет.
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны пайдалану барысында құрылғыны құрғақ, тегіс, термоберік қабатта орналастырыңыз, құрылғының түбіндегі ауа желдеткіш
саңылаулардың бөгде заттармен, дастарқанмен, матадан жасалған төсемдермен немесе өзге де заттармен жабылмауын қадағалаңыз, бұл құрылғының қатты
қызып кетуіне әкеп соғуы мүмкін.
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғының тостағы құрылғыға орнатылмаған болса, әзірлеу бағдарламаны іске қосуға тыйым салынады, сондай-ақ әзірлеу
бағдарлама іске қосылып, орындалып жатқан кезде, яғни әзірлеу үдересі барысында құрылғыдан тостақты шығаруға болмайды.
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны жылу көзінің маңында пайдаланбаңыз (газды немесе электрлі плитаның қасында).
Күйіп қалмас үшін жұмыс істеп тұрған әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны қолмен ұстамаңыз. Пайдаланып болғаннан кейін ол суығанша күте тұрыңыз.
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны желіге жалғастырмас бұрын электр желідегі кернеуді тексеріңіз.
Егер Сіз тағамды әзірлемейтін болсаңыз, әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны желіден ажыратыңыз, оны қосулы күйінде қалдырмаңыз.

Содержание