Polaris PMC 0574AD [59/66] Құрылғыны тазарту және оған күтім көрсету шарттары

Polaris PMC 0574AD [59/66] Құрылғыны тазарту және оған күтім көрсету шарттары
57
6. ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ОҒАН КҮТІМ КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫ
Тағам әзірлеп болғаннан кейін әрдайым әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны, тағамның қалдықтарын
алып тастаңыз да, ластанған жерін кетіріп, тазартыңыз.
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғының ішкі қақпағы алынбалы құрылымға ие. Оны шешіп алу үшін
қақпақты бекіту тетіктеріне саусақпен басып, бекіткіштерді ұстай, қақпақтың жоғарғы саңылауынан
шығара өзіне қарай тарту қажет (суретті қараңыз). Әрбір әзірлеуден кейін алынбалы қақпақты
ысқышты пайдалана бейтарап, сабынды ерітіндіде жууға кеңес беріледі.
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғының ластанған жерлерін, кір бөліктерін тазарту үшін метал сымы бар
қылшақтарды және еріткіштерді қолданбаңыз.
Егер де, тағамның қалдықтары құрылғының ішкі тостағына жабысқан болса, оны жуудың алдында
сумен толтырып қойыңыз. Ішкі тостақты жуып болғаннан кейін, оны құрғата сүртіңіз.
Құрылғының сыртқы бөлігін суға батырмаңыз. Құралдың сыртқы корпусын тазарту үшін ыдыс жууға
арналған дымқыл, жұмсақ ысқышты немесе матаны пайдаланыңыз.
Күюге қарсы жабыны бар ішкі тостақты ыдыс жууға арналған
машинада жууға болады. Ыдыс жуғыш машинаны пайдалану
барысында тостақтың машинаның құрамдас бөліктеріне
зақымдалмауын қадағалаңыз. Алюминий жабындысынан жасалған тостақтың бүлінуін алдын алу үшін ыдыс жуғыш құралына
берілген нұсқаулықты, қолданылатын тазарту құралдарының сипаттамасын басшылыққа алыңыз.
Бу шығаратын клапаны да алынбалы құрылымға ие, оның бітелуін болдырмау үшін тұрақты түрде сумен тазарту қажет. Клапандағы
буды бөліп шығаратын саңылауының бітелуіне жол бермеңіз. Оны тұрақты түрде шешіп, тазартыңыз.
Әрбір әзірлеу үдерісінен кейін құрылғының артқы жағындағы бөлігінде орналасқан (суретті қараңыз) конденсат қабылдағыш
құралын өзіңізге қарай тартып, шешіп алыңыз, оны босату қажет. Оны жуып, сүртіп құрғатыңыз да, орнына орнатыңыз.
Тостаққа сірке қышқылын құймаңыз, бұл тостақтың бүлінуіне әкеп соғуы мүмкін.
Бірнеше уақыттан кейін тостақтың түсі өзгеруі мүмкін, бұл су мен тазарту құралдарына тікелей байланысты. Бұл қалыпты нәрсе болып табылады, әмбебап ас әзірлегіш
құрылғыны еш қауіпсіз одан әрі пайдалануға болады.
Құрылғыны тазарту үшін абразивті заттары бар жуғыш құрылғыларды ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
7. ҚҰРЫЛҒЫНЫ САҚТАУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Электрлі құралдарды нақты бір көлік түрінде әрекет ететін жүкті тасымалдау ережелеріне сәйкес жабық көлік құралдарының кез келген түрінде
тасымалдайды.
Құралды тасымалдау барысында түпнұсқалық зауыттық ораманы пайдаланыңыз.
Құралдарды тасымалдау барысында оларды тікелей атмосфералық жауынның түсуінен, агрессивті ортадан сақтау қажет.
Электрлі құралдар қоршаған ауа температурасы плюс 40ºС -тан аспайтын және салыстырмалы ылғалдығы 70%-дан жоғары емес, қышқылды және электрлі
құралдар материалдарына теріс әсер ететін өзге де будың, шаңның болмауы жағдайында жабық, құрғақ әрі таза бөлмежайда сақталуы тиіс.

Содержание