Electrolux ENN92853CW [14/64] Тоңазытқыштың мұзын еріту

Electrolux ENN92853CW [14/64] Тоңазытқыштың мұзын еріту
АБАЙЛАҢЫЗ
Корпусты жылжытқан
кезде, еденді сызып кетпес
үшін алдыңғы жағынан
көтеріңіз.
Құрылғыны жиі тазалап отыру керек:
1. Құрылғының іші мен керек-
жарақтарын, аздап бейтарап
сабын қосылған жылы сумен
жуыңыз.
2. Есіктің тығыздағыштарын
уақытылы тексеріп, қоқыстарын
тазалап отырыңыз.
3. Шайыңыз да, жақсылап
құрғатыңыз.
4. Егер қол жетімді болса,
құрылғының артында орналасқан
конденсат құрылғысы мен
компрессорды шөткемен
тазалаңыз.
Желдеткіш торды бұлай тазалау
құрылғының жұмысын жақсартып,
электр қуатын тұтынуды азайтуға
көмектеседі.
6.3 Тоңазытқыштың мұзын
еріту
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрса,
қырау тоңазытқыш камерадағы
буландырғыштан, мотор компрессоры
тоқтаған сайын автоматты түрде
шығарылады. Еріген су науа арқылы
құрылғының артқы жағында, мотор
компрессорының үстінде орналасқан
арнайы сауытқа жиналады да, сол
жерде буға айналады.
Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы
тағамға тамшыламас үшін тоңазытқыш
бөліктегі науаның ортасындағы еріген
су ағатын саңылауды мезгіл-мезгіл
тазалап тұрған маңызды.
6.4 Мұздатқыштың мұзын
еріту
Мұздатқыш бөлікке мұз қатпайды. Бұл
құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде ішкі
қабырғаларының бетіне де, тағамның
үстіне де ешбір мұз қатпайтынын
көрсетеді.
6.5 Құрылғыны қолданбаған
кезде
Құрылғыны ұзақ уақыт бойы
қолданбаған кезде мына сақтық
шараларын орындаңыз:
1. Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
2. Тағамдардың барлығын
шығарыңыз.
3. Құрылғыны және оның керек-
жарақтарының барлығын
тазалаңыз.
4. Жағымсыз иіс пайда болмау үшін
есікті/есіктерді ашық қалдырыңыз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны қосып
қойғыңыз келсе, электр
қуаты өшіп қалса сақталған
тағам бұзылып кетпес
үшін, басқа бір адамның
арасында бір рет тексеріп
қоюын сұраңыз.
Holiday режимін қосуды
ұсынамыз.
www.electrolux.com14

Содержание

Похожие устройства

Скачать