Electrolux ENN92853CW [8/64] Shopping режимі

Electrolux ENN92853CW [8/64] Shopping режимі
3.9 Shopping режимі
Жылы тағамды көп мөлшерде,
мысалы, азық-түлік дүкенінен келген
бетте салғыңыз келсе, тағамдарды
неғұрлым тез тоңазыту үшін, әрі
тоңазытқыштағы басқа тағамдар жібіп
кетпес үшін Shopping функциясын іске
қосуды ұсынамыз.
Shopping функциясы шамамен 6
сағаттан кейін автоматты түрде өшеді.
1. Функцияны іске қосу үшін Mode
тетігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз.
Shopping индикаторы жанады.
2. Функцияны сөндіру үшін Mode
тетігін немесе басқа функцияны
таңдау үшін Mode тетігін арнайы
белгілердің ешқайсысы көрінбей
қалғанша басыңыз.
Shopping индикаторы сөнеді.
Функция тоңазытқыштың
басқа орнатылған
температурасын таңдаған
кезде ажыратылады.
3.10 Eco режимі
Тағамды барынша оңтайлы сақтау
үшін Eco режимін таңдаңыз.
1. Тоңазытқыш/мұздатқыш бөлікті
таңдаңыз
2. Функцияны іске қосу үшін Mode
тетігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз.
Температура индикаторы орнатылған
температураны көрсетеді:
тоңазытқыш: +4°C
мұздатқыш: -18°C
3. Функцияны автоматты түрде
сөнбей тұрып сөндіру үшін
процедураны Eco индикаторы
сөнгенше қайталаңыз.
Функция басқа
орнатылған
температураны
таңдаған кезде
ажыратылады.
3.11 DrinksChill режимі
DrinksChill функциясы дыбысты
сигналды қажетті кезде орнату үшін
қолданылады, мысалы, рецепт
бойынша пісіргенде қоспаны белгілі
бір уақыт ішінде суытып алу қажет
болса, немесе мұздатқышқа жылдам
суыту үшін қойылған шөлмектерді
ұмытып кетпеу үшін ескерту сигналы
қажет болған кезде қолданылады.
1. Функцияны қосу үшін ON/OFF
түймешігін басыңыз.
DrinksChill индикаторы көрінеді.
Таймерде (30 min) орнатылған мән
көрсетіледі.
2. Таймердің орнатылған мәнін 1-ден
90 (min) минут аралығында өзгерту
үшін "суығырақ температура"
түймешігі және "жылырақ
температура" түймешігін басыңыз.
Таймердің (min) индикаторы
көрсетіледі.
Кері санақ аяқталған кезде DrinksChill
индикаторы жыпылықтайды да,
дыбыстық сигнал естіледі
3. Мұздатқыш камерадағы
сусындарды алыңыз.
4. Дыбыстық сигналды сөндіру және
функцияны біржола тоқтату үшін
ON/OFF түймешігін басыңыз.
Функцияны кері санақ
орындалып тұрғанда
кез келген уақытта
ON/OFF тетігін басып
ажыратуға болады.
DrinksChill индикаторы
сөнеді.
Кері санақ орындалып
тұрған кезде және
аяқталған кезде
"Суығырақ
температура" түймешігі
мен "Жылырақ
температура"
түймешігін басып
уақытты өзгертуге
болады.
www.electrolux.com8

Содержание

Похожие устройства

Скачать