Electrolux ENN92853CW [7/64] Іске қосу

Electrolux ENN92853CW [7/64] Іске қосу
K. FreeStore режимі
Тоңазытқыш немесе
мұздатқыш бөлікті
таңдағаннан кейін
жандана бастайды
Температураны
таңдағаннан кейін
жанданған белгі бірнеше
минут жыпылықтайды.
3.3 Іске қосу
1. Ашаны розеткаға сұғыңыз.
2. Бейнебет сөніп тұрса, құрылғының
ON/OFF түймешігін басыңыз.
Температура индикаторлары
орнатылған әдепкі температураны
көрсетеді.
Бірнеше секундтан кейін
ескерту құралы сигнал
береді.
Ескерту құралын бастапқы
қалпына қайтару үшін
"Жоғары температураны
ескерту" тарауын қараңыз.
Орнатылған басқа температураны
таңдау үшін "Температураны реттеу"
тарауын қараңыз.
Егер дисплейде "DEMO" пайда болса,
"Ақаулықты түзету" тарауын қараңыз.
3.4 Сөндіру
ON/OFF түймешігін 3 секунд басыңыз.
Бейнебет сөнеді.
Құрылғыны электр желісінен ағыту
үшін ашаны розеткадан суырыңыз.
3.5 Тоңазытқышты іске қосу
Тоңазытқышты іске қосу үшін
тоңазытқыш бөліктің түймешігін
басыңыз.
Тоңазытқыш OFF индикаторы сөнеді.
Орнатылған басқа
температураны таңдау
үшін "Температураны
реттеу" тарауын қараңыз.
3.6 Тоңазытқышты сөндіру
Тоңазытқышты сөндіру үшін
тоңазытқыш бөліктің түймешігін
бірнеше секунд басыңыз.
Тоңазытқыш OFF индикаторы
көрсетіледі.
3.7 Температураны реттеу
Температура тетіктерін басып
құрылғының температурасын
орнатыңыз.
Әдепкі орнатылған температура:
тоңазытқыш үшін +4°C
мұздатқыш үшін -18°C
Температура индикаторлары
орнатылған температураны көрсетеді.
Таңдалған температура 24
сағат ішінде орнайды.
Электр қуаты үзіліп қалса,
орнатылған температура
сақтаулы қалады.
3.8 Holiday режимі
Бұл функция ұзақ демалысқа кеткен
кезде жағымсыз иіс пайда болдырмай,
тоңазытқышты жабық әрі бос ұстауға
мүмкіндік береді.
Holiday режимі қосылғанда
тоңазытқыш бөлік бос
тұруға тиіс.
1. Функцияны іске қосу үшін Mode
тетігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз.
Holiday индикаторы жанады.
Тоңазытқыш температурасының
индикаторы орнатылған
температураны көрсетеді.
2. Функцияны сөндіру үшін Mode
тетігін немесе басқа функцияны
таңдау үшін Mode тетігін арнайы
белгілердің ешқайсысы көрінбей
қалғанша басыңыз.
Holiday индикаторы сөнеді.
Функция тоңазытқыштың
басқа орнатылған
температурасын таңдаған
кезде ажыратылады.
ҚАЗАҚ 7

Содержание

Похожие устройства

Скачать