Indesit ITD 125 W [15/44] Тоңазытқыш бөлімшесін пайдалану

Indesit ITD 125 W [15/44] Тоңазытқыш бөлімшесін пайдалану
15
KZ
Тоңазытқыш бөлімшесін пайдалану
Суыту бөліміндегі ауа біршама төмен температура
төменгі бөлігінде орнатылатындай түрде айналады.
Тағамдардың сақтаудың ең жақсы шарттарын
қамтамасыз ету мақсатында төменде баяндалған
ұсыныстарды қараңыз: дұрыс сақтамаған кезде тіпті
ең балғын тағамдар тез бұзылып кетеді. Жалпыға
белгілі пікірге қарсы, дайындалған тағамдарды
балғын тағамдардан қарағнда аз сақтау керектігін есте
сақтаңыз.
Суыту бөлімі биіктігі арнайы бағыттаушылардың
арқасында ретке келтірілетін қолайлы сөрелермен
жабдықталған, бұл ірі қаптамалар мен биік
құмыраларды орналастыруға мүмкіндік береді.
Тоңазытқыштың ылғалдылығын арттырудың
алдын алу үшін қақпағы жоқ сыйымдылықтарда
сұйықтық қоймаңыз - бұл салқындату камерасында
температурасының артуына əкеледі.
Салқындату бөлімінің ішіндегі температура авто-
матты түрде термореттегіштің тұтқасымен бекітілген
позицияға сəйкес автоматты түрде реттеледі.
Біз термореттегішті орташа күйге келтіруді
ұсынамыз.
Кеңістікті арттыру үшін, өнімдердің орналасуын
оңтайландыру үшін жəне бөлімнің ішіндегі көрінуді
жақсарту үшін буландырғыш суыту бөлімінің артқы
қабырғасында орналасқан. Тоңазытқыштың жұмыс
істеу уақытында артқы қабырғасы, компрессордың осы
сəтте жұмыс істеп тұрғаны немесе істемеуіне байла-
нысты қыраумен немесе су тамшыларымен жабылуы
мүмкін. Алаңдамаңыз, бұл өте қалыпты
Егер термиялық реттегіш максималдық күйге
орнатылған болса,ал тоңазытқыш тағаммен қатты толы
немесе ғимараттағы температура өте жоғары болса,
онда компрессор үздіксіз жұмыс істейді де, нəтижесінде
буландырғыштың артқы қабырғасында қырау қабаты
пайда болады. Бұл электр энергиясын артық тұтынуға
əкеледі. Мұндай жағдайдан аулақ болу үшін суыту
бөлімі автоматты түрде еритіндей түрде термореттеудің
тұтқасын ең төменгі күйге қойыңыз.
Өнімдер Тоңазытқышта орналасуы
Балғын балық жəне ет Көкөніс жəшіктерінің үстіндегі сөреде
Балғын ірімшік Көкөніс жəшіктерінің үстіндегі сөреде
Дайын өнімдер Кез келген сөреде
Шұжық, нан, шоколад Кез келген сөреде
Жемістер мен көкөністер Көкөністерге арналған жəшіктерде
Жұмыртқа Есік сөрелерінде
Май мен маргарин Есік сөрелерінде
Құмырадағы өнімдер, сусындар, сүт Есік сөрелерінде
Тоңазытқышта пияз, порея пияздарын жəне сарымсақ,
банан (олар қарайып кетеді), цитрустарды, картоп жəне
тамыр жемістілерді сақтамаған жөн (қараңғы, құрғақ
орында сақтаңыз).

Содержание