Little Doctor LD6 [32/36] Жалпы мəліметтер

Little Doctor LD6 [32/36] Жалпы мəліметтер
32
KAZ
ЖАЛПЫ МƏЛІМЕТТЕР
Бұл басшылық құжат пайдаланушыға күретамырдың қан қысымы мен
тамырдың соғу жиілігін өлшеуге арналған сандық LD аспабын қауіпсіз жəне
тиімді пайдалану жөнінде көмек көрсетуге арналған, орындалуы LD6 (əрі
қарай мəтін бойынша: АСПАП). Аспап аталған басшылық құжатта жазылған
ережелерге сəйкес пайдаланылуға тиіс жəне осында жазылған мақсаттардан
басқа жағдайларда пайдаланылмауы керек. Басшылық құжатты толықтай,
əсіресе «Дұрыс өлше
у жөніндегі нұсқаулар» бөлімін оқып шығып, түсініп
алған дұрыс.
ҚОЛДАНУҒА КӨРСЕТІМДЕР
Аспап 15 жастан асқан адамдардың күретамырының ең жоғарғы жəне ең
төменгі қан қысымын өлшеуге жəне тамыр соғу жиілігін анықтауға арналған.
Аспап күретамырдың қан қысымы ауытқып тұратын (тұрақсыз) немесе белгілі
күретамыр гипертензиясы бар адамдарға медициналық бақылауға қосымша
үй жағдайында пайдалану үшін ұсынылады. Көмкерме жуандығы шамамен
25 см-ден 36 см-дей болатын білекке дəл келеді. Қан қысымы 40-та
н 260
мм
сынап бағанасына дейінгі диапазонда, ал тамырдың соғу жиілігі минутына
40-тан 160 бүлкілге дейін диапазонда өлшенеді.
ЖҰМЫС ҚАҒИДАТЫ
Аспап күретамырдың қан қысымы мен тамырдың соғу жиілігін өлшеудің
осциллометрикалық əдісіне негізделген. Көмкерме білекке оралады да авто-
матты түрде үрленеді. Сезімтал элемент білектің күретамырының жүректің
əрбір соғуына қарай кеңеюі мен тарылуынан пайда болатын көмкерме
ішіндегі қан қысымының əлсіз ауытқуын қалт жібермейді. Қан қысымы
толқындарының тербелісі өлшенеді де ол сынап бағанасы миллиметрлеріне
айналдырылып, сандық мəн ре
тінде дисплейг
е шығарылады. Аспаптың
өлшеулер нəтижелерін сақтауға арналған əрқайсысы 30 ұяшықтан тұратын 2
жады жəне күнтізбелі қоңыраулы сағаты бар. Бөлмеде пайдалану үшін аспап
ішіне сандық тұрмыстық термометр орнатылған.
Егер аспап аталған басшылық құжаттың «Техникалық сипаттамалар»
бөлімінде көрсетілгендегіден басқа температура мен ылғалдылықта пайда-
ланылса, өлшеулердің көрсетілген дəлдігін қамтамасыз ете алмайтындығына
назар а
ударыңыз.
А
талған аспаппен айқын жүректің соғу ырғағының бұзылу сырқаты бар
адамның күретамырының қан қысымын өлшеген кезде қателіктердің мүмкін
болатынын ескертеміз. Баланың күретамырының қан қысымын өлшеу
жөнінде өз дəрігеріңізбен ақылдасып алған жөн.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Бұл аспапты тек Cuff-LDA көмкермесімен ғана
пайдалануға рұқсат етіледі, көлемі 25-36 см (аспаппен бірге жиынтықта
жеткізіледі).

Содержание