Little Doctor LD6 [33/36] Дұрыс өлшеу жөніндегі нұсқаулар

Little Doctor LD6 [33/36] Дұрыс өлшеу жөніндегі нұсқаулар
33
KAZ
ДҰРЫС ӨЛШЕУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР
Дұрыс өлшеу үшін күретамырдың қан қысымының тіпті өте қысқа уақыт
аралығында күрт ауытқып кететінін білген дұрыс. Күретамырдың қан
қысымының деңгейі көптеген факторларға байланысты. Əдетте ол
жазда төмен, ал қыс кезінде жоғары болады. Күретамырдың қан қысымы
атмосфералық қысыммен бірге өзгеріп тұрады, сондай-ақ ол денеге түсетін
ауырлыққа, көңіл-күйдің қозуына, күйзелістерге жəне т
амақтану ре
жіміне
де тəуелді. Қабылданатын дəрі-дəрмектердің, алкоголдік ішімдіктердің
жəне темекі тартудың да оған əсері үлкен. Көптеген адамдарда қан
қысымы көрсеткіші емханада өлшеткен кезде де көтеріліп кетуі мүмкін.
Сондықтан үй жағдайында өлшенген күретамырдың қан қысымының
емханада өлшеткен күретамырдың қан қысымынан айырмашылығы жиі
болып тұрады. Күретамырдың қан қысымы төменгі температураларда
көтерілетіндіктен, өлшеулерді бөлме т
емпера
турасында (шамамен 20 °C)
жүргізіңіз. Егер аспап төмен температурада сақталған болса, оны пайдала-
нар алдында кем дегенде 1 сағат бөлме температурасында ұстаңыз, əйтпесе
өлшеу нəтижелері қате болуы мүмкін. Денсаулығы дұрыс адамдардың
тəулік ішіндегі систоликалық (ең жоғарғы) қан қысымы көрсеткішінің
айырмашылығы 30-50 мм сынап бағанасын жəне диастоликалық (ең төменгі)
қан қысымы көрсеткіші айырмашылығы 10 мм сынап б
ағанасын құрайды.
Күретамырдың қан қысымының əртүрлі факторларға тəуелділігі əр адамда
əрқалай болады. Сондықтан күретамырдың қан қысымы көрсеткіштерінің
арнайы күнделігін жүргізген дұрыс. ТЕК ДИПЛОМЫ БАР ДƏРІГЕР ҒАНА
СІЗДІҢ КҮРЕТАМЫРЫҢЫЗДЫҢ ҚАН ҚЫСЫМЫ ӨЗГЕРІСІН КҮНДЕЛІКТЕН
АЛЫНҒАН ДЕРЕКТЕР НЕГІЗІНДЕ АНЫҚТАЙ АЛАДЫ.
ӨЛШЕУ КЕЗІНДЕГІ ДЕНЕНІ ҰСТАУ ҚАЛПЫ
1. Күретамырдың қан қысымын өлшеген кезде столдың жанына Сіздің
қолыңыз оның бетінде жататындай болып отырыңыз (3-сурет). Білегіңіздегі
көмкерме оралған жердің жүрек тұсы деңгейінде, ал білегіңіздің столда
бос жатқанына жəне қозғалып кетпейтіндігіне көз жеткізіңіз.
2. Сіз қан қысымын шалқаңыздан жатып та өлшей аласыз (4-сурет).
Төбеге қарап, тыныштық сақтаңыз жəне өлшеу кезінде қозғалмаңыз.
Білегіңіздегі көмкерме ора
л
ған жердің жүрек тұсы деңгейінде екендігіне
міндетті түрде көз жеткізіңіз.
КҮТУ, САҚТАУ, ЖӨНДЕУ ЖƏНЕ ӨТЕЛГЕ ШЫҒАРУ
1. Бұл аспапты жоғары ылғалдылықтан, тікелей түсетін күн сəулесінен,
соққылардан, дірілден сақтау керек. АСПАП СУ ӨТКІЗБЕЙТІН БОЛЫП
ТАБЫЛМАЙДЫ!
2. Аспапты жылытқыш аспаптар мен ашық отқа тым жақын жерде
сақтамаңыз.
3. Егер аспап мұздау нүктесінен төменгі температурада сақталған болса,
пайдаланар алдында оны кем дегенде 1 сағат жылы жерде ұстау керек.

Содержание