Philips GC8560 [45/112] Буды күшейту функциясы

Philips GC8560 [45/112] Буды күшейту функциясы
Әтір суын, сірке суын, крахмал, қақ кетіретін сұйықтықтар, үтіктеуге жәрдемдесетін немесе
басқа химиялық заттарды, су ыдысына құюға болмайды.
Ескертпе: Егер сіздің аймағыңыздағы ағын су өте қатты болса, онда судың дәл жартысына
дистилляцияланған су арластырғаныңыз деп кеңес береміз.
Ескертпе: Су ыдысы толып тұрғанда бу ыдысын еңкейтуге немесе шайқауға болмайды, себебі
толтыру тесігінен су төгіліп кетуі мүмкін.
3 Су ыдысы бу ыдысына мықтап жалғанғанын қамтамасыз етіңіз, әйтпесе үтіктен еш бу
шықпайды.
4 Үтік қойылатын төсемді үтіктеу тақтасына қойыңыз. (Cурет 5)
5 Үтікті бу ыдысынан босатып алу үшін, тасымалдау бекітпесі сырғымасын солға
сырғытыңыз.
6 Қуат кабелдің штепселді жерге тұйықтырылған розеткаға енгізіп, бу ыдысын қосыңыз.
7 Қажетті үтіктеу температурасын орнату үшін температураны реттеу дөңгелегін тиісті
мәнге қойыңыз (Cурет 6).
Ескертпе: Бумен үтіктеуді тек жоғарырақ температураларда жасауға болады (2 немесе
одан жоғары температура параметрлері).
8 Құрылғыны қосу үшін қуат тұтқасын қажетті бу параметріне бұрыңыз. Бу
параметрі таңдалған үіктеу температурасына лайықты екеніне көз жеткізіңіз (Cурет 7).
1 «ЭКО» бу деңгейіне қойыңыз (2 және «MAX» арасындағы температура параметрлері).
2 Орташа бу деңгейіне қойыңыз (3 және «MAX» арасындағы температура
параметрлері).
3 Ең жоғары бу деңгейіне орнатыңыз (температура параметрі MAX ұстанымына).
, Тиісті бу параметрінің шамы жыпықтап, бу ыдысы қызып жатқандығын
білдіреді (Cурет 8).
, Шамамен 2 минуттан соң тиісті бу параметрінің шамы тұрақты жанып тұрады, бұл бу
ыдысы бумен үтіктеуге дайын екендігін білдіреді.
9 Бумен үтіктеген кезде бу шығарғышты басып ұстап тұрыңыз. (Cурет 9)
Бусыз үтіктеу үшін, жай ғана үтікті бу шығарғышын баспай-ақ қолданыңыз.
Ескертпе: Үтіктеу кезінде үтікті үтік қойылатын төсемге қорықпай-ақ қоя беруіңізге болады.
Ыстық үтік тұрған төсемді қызуға шыдамайтын бетке қоймаңыз.
Ескертпе: Төсем ыстық болғандықтан, одан ыстық үтікті алғаннан кейін біраз уақыт оған
тимеңіз.

Бумен үтіктеу барысында, кет қоятын қыртыстарды кетіру үшін буды күшейту функциясын
қолдануыңызға болады.
1 Температура дөңгелегін 3 және MAX мәні аралығына орнатыңыз.
2 Қосымша бу шығару түймесін басыңыз. (Cурет 10)
Буды адамдарға бағыттаушы болмаңыз.
Ескертпе: Буды күшейту функциясын бірінші рет қолданған кезде біраз су тамуы мүмкін. Буды
күшейту функциясын біраз қолданғаннан кейін су тамшылары пайда болмайды.
 45

Содержание

Скачать